Интерьердегі кілем: заманауи көзқарас

Кілем: өткеннің шаңды ескілігі ме әлде интерьердің ажырамас бір бөлігі ме?

Әрбіреуіңізге кілем тұсында адамдардың топталып фотоға түскен суреттері бір рет болса да қолға түскен шығар. Кілем көптеген кеңес дәуіріндегі отбасыларда басты әшекей зат болған, қазіргі кезде де кейбір орыс ауылдарында бұл зат солай болып қала беруде.


ХХ ғасырда кілемді еден үсті жабыны ретінде елімізде көп қолданбаған: бұл аяқпен басып жүру үшін тым бағалы интерьер элементі болған. Алайда, кейде еденді кілемнің тықыр түрі болып табылатын бюджетті алашамен жапқан. Осы материалдан кілемді төсем жасалады.
 
Өткен ғасырдың 90-жылдарында ковролин сәнге айналды, былай қарап тұрсаң бұл сол алаша, бірақ барлық бөлмеге төселетін. Жылы, әдемі, бағасы да арзан зат адамдарға ұнағаны соншалық, оны тұрғын жайларға ғана емес, сонымен қатар оның басты кемшілігі лезде білінетін кеңселерде де қолдана бастады, оның басты кемшілігі тұрақты күтім мен тазалауды қажет ететіні. Жұмысқа келгенде далада киген аяқ киімін ауыстыратындар шамалы, табандағы барлық кір түкке жабысып қалады да, тез арада түрі кете бастайды.

Жаңа ғасыр көптеген жаңа интерьерлік шешімдерді әкелді. Кілем мен паластар айтарлықтай ескірді. Оларды қажетсіз шаң жинайтын зат деп қабылдай бастады, бұл мүлдем әділетсіз, өйткені, егер оның шаңы сорылмай  және бір жарым аптада бір рет болсын ылғалды шүберекпен сүртілмесе, жиһаздың кез келген заты шаң жинағыш болады.

Бірақ адамдардың үш мың жыл бойы қолданған затынан бас тартуы соншалық оңай нәрсе емес. Кілемдер енді байлықтың белгісі болып табылмайды және мирасқорлықпен берілмейді, бірақ ол әдеттегідей декоративті және тиімді қызметтерді үйлестіреді. Кілемде отырған балаларға пирамиданы жинаған жылы, ересектерге – теледидарды көруге жайлы. Мысықтарға тырнақтарын кілемге егеген ұнайды. Кілемнің көмегімен дизайнерлерге интерьерге түрлі түсті акценттерді енгізуге және жайды аймақтауға ыңғайлы.
Қалыпты және түсті дұрыс таңдағанда кілемге кез келген стильдегі интерьерде орын табуға болады. Кілеммен нашар үйлесім түрі хай-тек стиліне жатады, бірақ осындай интерьерде де кілемдер толықтай органикалық болып көрінеді, егер қысқа түгі бар бір түсті нұсқаны таңдаса ғана.
Кілемнің декоративті мүмкіндіктері кез келген интерьерге аяқталған түрді беруге мүмкіндік беретін қасиеті бар. Егер кілем түстерін (немесе ондағы сурет түстерін) әр түрлі аксессуарлармен келістіретін болса, жайдың ішкі жабдықтарын үйлесімді етіп жасауға болады. Түсті толық қайталауын таба алмағанның өзінде ондағы түстердің сәйкес келуі толықтай жеткілікті болады. Есіңізде болсын, кілем «жиынтығына» онша үлкен емес керек-жарақтарды – перделерді, репродукцияларды, диван жастықтарын, гүлсауыттарды және т.б. сәйкестендіріп алса, онда сізге қандай да бір уақыт өткеннен кейін интерьерді оңай ауыстыру мүмкін болады.

Тыныш, үйлесімді интерьерге қарама-қарсы интерьерді жасауға болады. Ашық түсті кілемге ашық түсті жиһазды қойыңыз (бұл жағдайда олардың түстері ерекшеленуі тиіс). Немесе кілемнің осы түстерге қатысты контрастілікпен тыныш түстерге негізделген интерьерді түрлендіріңіз. Нұсқа ретінде кілем интерьерде ештеңемен үйлеспей-ақ қойса да болады, интерьердің басқа түстеріне қатысты контрастілік бола алады. Көптеген нәрселерді ойдан шығарыңыз – мүмкіндіктеріңіз шексіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Үйіңізде кілем бар ма? Оларсыз үйіңізді елестету оңай ма? Кілемді қалай таңдаса болады деген сұрақ ойыңызды мазалаған кездер болды ма?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.