Пәтерде кітаптарды қайда сақтаймыз?

Заманауи пәтердегі кітаптар мен жабдықтар

Электронды «оқулардың» пайда болуына қарамастан, біз қағаз кітаптарды әлі де зор ынтамен оқуды жалғастыра береміз. Одан басқа, көбімізге туысқандардан мұра ретінде үлкен кітапханалар қалдырылған, олар өте көп орын алады. Егер үйіңізде кітапханаға арналған бөлек бөлмеңіз жоқ болса, онда «білім көзін» сақтау соншалық оңай емес.


Орын мәселесі
Қазіргі кезде тапсырыспен өте әдемі кітап қоятын шкафтарды жасатып, ескірген қабырға мен жалықтыратын кірпіш-сөрелерді мәңгіге ұмытатын кез келді. Бірақ осындай супер-шкафқа айтарлықтай үлкен, ең бастысы бос қабырға қажет болады, бірақ бұндай молшылық өкінішке орай әрбір пәтерде табыла қоймас. Осындай кітапханалар да өкінішке орай, арзан тұрмайды. Жиһаз дүкендерінде қазір ерекше – қызық қалыпты стеллаждар мен сөрелер сатылады, олар әдемі, бірақ әдетте сыя қоймайды. Одан басқа, барлық пәтерді осындай жиһазбен толтырса, ол арбиған болып көрінеді де, кеңістікті «жеп қояды». Көптеген том кітаптар үйіңізді толығымен толтырып  тастамасын десеңіз, оларды сақтаудың функционалды, ыңғайлы, әрі заманауи әдісін тауып көріңіз.

Қабырғалық конструкция
Егер пәтеріңізде жұмыс істейтін орныңыз бар болса, үстел айналасына бірнеше аспалы стеллаж-сөрелерді жасап көруге болады: олар әр түрлі болуы мүмкін – айналатын, тар және ұзын, немесе керісінше, көп ұяшықтары бар қысқа, әрі кең бола алады. Қаласаңыз оларды әйнекпен жауып қойыңыз, қаласаңыз жалюзи іліп қойыңыз (бұл арзан болады) не ашық күйінде қалдырып қойыңыз, бірақ соңғы жағдайда кітаптардағы шаңды айтарлықтай жиі сүртіп тұру қажет болады. Осындай аспалы конструкциялар кеңістікті ауырлатпайды, сондықтан аз орынды пәтерлерге мінсіз жарайды.

Оқуға арналған орын
Кітаптарға орын іздеп жүріп, өз әдеттеріңіз бен қалауларыңызды да ұмытпау керек. Мысалы, төсекте жатып, кітап оқығанды ұнататын болсаңыз, жатын бөлмеде төсек астында шағын жәшіктерді жасауға (ол жерде әдетте көп орын болмайды) болады. Кітаптарды сақтауда пәтердегі өзі аз орынды құртпайтын боласыз. Оған қоса, кітаптар әрдайым қол астында болады. Егер «оқитын орныңыз» ас үйде болатын болса, онда ас үйде биік емес стеллаж қоюға болады: ішінде кітап жатса, ал үстінде микротолқынды пеш, кофеқайнатқыш немесе кез келген басқа тұрмыстық техника тұра алады. Кез келген жағдайда ас үйдегі қосымша ашық бет кедергі болмайды. Айтпақшы, осындай стеллаждарды батылдана барлық пәтерге қоюға болады. Бастысы олар төмен болуын қадағалау қажет: жиһаз биік болған сайын, соғұрлым кеңістікті визуалды жеп қояды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Айқын көрінбейтін орындар
Есік орындары үстіндегі кеңістікті белсенді түрде қолданыңыз – әдетте онда әрдайым шағын сөрелерге орын табылады. Осы жерде айтпақшы тағы бір құпия бар: сөрелер кішкентай болған сайын, пәтеріңіз соғұрлым жайлы болып көрінеді. Ата-аналарымыз көп қолданған үлкен кең сөрелер үйде ауырлық сезімін тудыратын, оның үстінен ескі сәндегі зат болып көрінеді. Егер үйде әр түрлі қуыстар немесе қолданбайтын кірістірілген антресольдар болса, оларды да кітап сөрелерге бейімдеп қайта жасауға (жасау қажет те) болады.

Сақтау ережесі
Кітаптардың басты жаулары – бұл су мен жарық. Жоғары ылғалдылық кітаптың көгеруіне әкеліп соқтырады, ал өте қатты жарық қағазды құрғатып жібереді. Сондықтан кітап сөрелеріне тікелей күн сәулелері тимейтінін қадағалаңыз. Айтпақшы, осы тұрғыда өте төмен стеллаждар аса қолайлы болады. Егер кітаптар әйнек артында сақталатын болса, уақыт өте шкафтар мен сөрелерді желдетіп тұруды ұмытпаңыз. Жалпы үйіңізді жақсылап танып білсеңіз, кітаптарға арнайы орын табылары сөзсіз: оларды ең кішкентай пәтердің өзінде де тиімді орналастыруға болады. Ақыры кітабы бар үй әрдайым одан бетер жайлы, әрі жылы болады.

Өз кітаптарыңызды қайда сақтайсыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс