Пәтерді өз күшімізбен әдемілеу

Пәтерді өз қолымызбен безендіреміз

Біркелкілікті тоқтатайық! Интерьерге деген әдеттегі көзқарасты стильді бөлшектер өзгертуге көмектеседі. Контрастілікте ойнай отырып, бөлмені қалай түрлендіруге болатынын айтып береміз.


Жарықтандыру шешімдері

Пәтерді безендіруді жарық беретін аспаптардың орналасу орнын ауыстырудан бастауға болады. Орама қағаздан абажур жасап, онымен кішкентай майшамы бар бокал түбін жабыңыз – үстел үстілік шам дайын! Бастысы, ауа кеңістікте еркін айналу үшін қағаздың үстін кесіп қойыңыз.

Шығармашылық амал

Маркердің немесе сурет салатын бояулар көмегімен хош иісті майшамдары бар стақандардың әйнегін бояп әдемілеңіз. Өзіңіз әлдебір нәрсенің суретін салыңыз немесе жұмысты балаларға тапсырып беріңіз. Әсіресе әдеттегіден тыс өрнектер стильді болып көрінеді.

Дизайнерлік шамдалдар

Сынған әйнек ыдысты лақтырып тастамаңыз. Рөмкенің не стақанның негізіне бокалдың сынған аяғын жабыстырыңыз, сонда сізде нағыз дизайнерлік шамдалдар шығады. Композиция жасаңыз – бұндай заттар көп көлемде жақсы көрінеді.

Контрастілікте ойнау

Пәтер интерьерін безендірудегі контрастілік реңктер сияқты ештеңе өзгерте алмайды. Олар кеңістікке тереңділікті береді. Интерьерді жаңарту үшін декордың бір-екі элементін қосу жеткілікті. Гүлсауыттар көзтартарлық етіп көрінеді.

- Үстелге бір түстегі бірнеше немесе екі контрастілік реңктегі гүлсауытты қойыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

- Гүлсауытқа қамыстың бір-екі сабағын, ағаштың жіңішке бұтағын не шырмауықты қосыңыз.

- Көлемге аса қатты қызықпаңыз: ұзын не қысқа сабақта бір балғын гүлдің өзі стильді болып көрінеді.

Барлық назар түске

Әдемі декоративті заттарды демалыс күндері жәрмеңкелерден немесе базарлардан табуға болады. Абдырап қалмай, бір-біріне сәйкес элементтерді таңдау үшін түске қатты назар аудару қажет. Бөлме дизайны ұсақ бұйымдардың үйлесімде болуына байланысты, мысалы, жолақты немесе суреті бар.

Егер түстің әр түрлерін ұнатып, бірақ қатты контрастілікті болдырғыңыз келмесе, үйлесімді болатын түстерді таңдаңыз. Қалыпты қара, ақ немесе сұр түстегі заттарға таңдау жасаңыз – олар немен болса да үйлесе береді.

Барлығын да қолдануға болады!

Ас үйді безендіру үшін бір түсте немесе әр түсте болсын, бірақ үйлесімді реңктерде әр түрлі қалыптағы және өлшемдегі стақандар мен тәрелкелерді таңдаңыз. Үстел жайлы, әрі әдемі болып көрінеді.

Сіз қолмен әлдебір заттарды жасағанды ұнатасыз ба? Пәтерді өзіңіз жасаған ұсақ-түйектермен безендіресіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс