Заманауи интерьер: сөрелерді жаңаша етіп ілеміз

Сөрелер – интерьердің пайдалы бір бөлігі!

Сөрелер – өте құнды өнертабыс. Өздері көп орын алмағанмен, қаншама пайдалы заттарды оларға қоюға болады десеңізші. Олар сонымен қатар интерьерімізге тамаша сән бере алады, шамалы қиялдап, шеберлік танытса болғаны.


Сөрелерді қайда ілсе болады?

Сөрелер – бұл диван емес
және үлкен шкаф емес, сіз оларға оңайлықпен орын таба аласыз.


Сөрелерді
ең күтпеген жерлерде орната аласыз
: есік ойықтары үстінен, терезе астынан, дәліз бойымен.

Сөрелер
жайыңыздың дизайнын толық өзгерте алады. Осы мәселеге шығармашылық тұрғыдан қарап,
бірегей кітапхананы немесе фотосурет галереясын жасай аласыз.

• Терезе арасындағы тар кеңістіктерді кәдесыйлықтар және әшекей заттар тізілген
сөрелермен безендіре аласыз.

• Бір қарағанда пайдасы жоқ бөлменің бұрышы, егер оған еденнен төбеге дейін
сөре орнатқан болса, өте функционалды болады.

Сөрелерге арналған материал. Неге
көп көңіл бөлу қажет?


Сөрелерге арналған ең кең таралған және көбі ұнататын материал ол, әрине, ағаш.
Бірақ өзіңізді бұнымен шектемеңіз. Сөрелер қабырғаның жалғасы бола отырып,
кірпіштен немесе бетоннан да бола береді.



• Ағаш композициялық материалдардан, пластамассадан немесе тіпті болаттан
жасалған сөрелер айтарлықтай жақсы көрінеді.

Сонымен қатар өңдеу
материалдары мен жабындылар да көп мәнге ие.


Егер
күрделі жөндеу жұмысын енді жоспарлап отырсаңыз, қабырғада қуыс жасауды
ойластырыңыз – бұндай сөре әрдайым бірегей болып көрінеді, және орынды да
үнемдейді.

Ойлы орналастыру


Сөрелерге жай ғана
барлық қажетсіз заттарды тізіп қоюға болады, бірақ, бұған шығармашылық тұрғыдан
қараса да болады.


Ең
қарапайым заттың өзі нағыз өнер туындысы болып көріне алады, егер оны дұрыс
орынға қойса.


Сөрелерге
стилімен, түсімен және арнауымен заттарды сұрыптап қоюға тырысыңыз.


Сөрелерді
қалай ілсе болады? Егер тыныштық пен ұқыптылықты қаласаңыз сөрелерді іліп,
оларға заттарды симметриялық түрде қойыңыз. Егер керісінше, балғындық пен жаңашылдықты
қаласаңыз, асимметрияны қосыңыз.

Кітапхана

Кітаптарды декор элементтерімен қатар қолданып көріңіз.

• Кітаптарды түсімен, тысымен немесе пішімімен орналастыра аласыз.

• Не керісінше әр түрлі биіктіктегі және қалыңдықтағы кітаптарды араластырып, үйлестіре
аласыз.

• Кітаптарға арналған арнайы ұстағыштарды қолданыңыз. Бір жағынан сөрелеріңізге
сән береді, ал бір жағынан кітаптардың құлап кетуін болдырмайды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс