Үйдегі жарықты қалай дұрыс ұйымдастырса болады?

Үйді жарық, әрі ашық етудің 5 идеясы

Табиғи жарықты, ашық түсті маталарды дұрыс пайдалану және жақсы таңдалған жиһаз үйіңізді одан бетер ашық, әрі жайлы ете алады.


Күн сәулесін кіргіземіз
Таңертең пердені ашуды ұмытпаңыз және терезе жақтауындағы бояуды (егер ол пластик болмаса) жаңартыңыз. Бөлменің ең ашық жері әрдайым көп назарды өзіне қаратады. Пердені таңдай отырып, ашық, бірақ табиғи реңктегі түстерді алу керек.

Көңіл-күйді көтеру үшін көп мөлшерде жарық керек
Үлкен бөлмелердегі төбеге бір көлемді люстраның орнына қабырғаларға бірнеше шамдарды орнатқан жақсырақ. Егер бөлме қараңғылау болса, жарық төбеден шағылатындай жарық көзін жоғары қаратыңыз.

Жарық акценттерін қоямыз
Көбінесе жарықтың қосымша көздерінен бас тартып жатамыз, өйткені сымдармен жұмыс істегіміз келмейді. Осы мәселені шешу үшін батареялармен жұмыс істейтін ашық жарықдиодты кішкентай шамдарды қолдану керек. Оларды шкафқа немесе керісінше, оның астына орналастыруға болады. Қиялыңызды ұшқындаңыз — өз еркіңіз білсін.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Сиқыр көбірек болсын
Терезеге жылт-жылт еткен гирлянда іліп қойыңыз. Оны жаңа жылдық мейрамнан кейін дереу шешудің қажеті жоқ. Жылдың басқа мезгілінде құпиялы отқа қарап, қызықтауға болмайды деп кім айтты?

Түсті шешім
Ақ және ақсары түсті қабырғалар кеңістікті кең, әрі ашық етіп көрсетеді. Бірақ сіз бөлмені басқа да ашық түстермен: жасыл, қызғылт-сары, ашық қызғылт немесе көк түстермен түрлендіре аласыз.

Кеңес:
Қажетті жарықтандыруды жасағанда шамдарды дұрыс таңдау маңызды. Төсек басындағы шамдар үшін інжу жабындысы бар шамдар жақсы болады. Күн сәулесі жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін галогенді шамдарды, ал жұмсағырақ жарықты жасау үшін қыздыратын шамдарды қолданған дұрыс.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс