Үйді Жаңа жылға қарсы әдемілейміз

Үйді Жаңа жылға сәндейміз!

Мейрам 31 желтоқсанда келмейді, ол одан да ерте – жаңа жылды қарсы алатын орынды таңдаудан, сыйлықтарды сатып алудан және үйді әрлеуден басталады, әрине.


Шыршаең басты жаңа жылдық безендіру екені сөзсіз, бірақ нағыз мейрамды жасау үшін ол аздық етеді. Оған қоса шырша тұрмайтын бөлмелер де әрлеуді қажетсінеді.
Шарларға, жылтырақтарға, омела мен сүйір жапырақты бұтақтарға кіріспес бұрын екі нәрсені жасау қажет:

  • тақырыпты таңдау;
  • түсті таңдау.

Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Егер, мысалы, сіз Жаңа жылды ретро стилінде қалайтын болсаңыз, онда барлығы ала-құла болып кетеді; түстер көп болған сайын, соғұрлым жақсы болады. Голливудтық нұсқа декорда қызыл, ақ және алтын түсті болжайды. Баламалы жаңа жылдық түстер ретінде ақ, күмісті және көк түсті алуға болады. Өз үйлесімдеріңізді де ойластыруға болады. Бала кезде жақсы көрген ертегілерді және балаңыз  жақсы көретін ертегілерді еске түсіріңіз. Олар қандай түспен байланысты? Немесе осы жылы демалған еліңіздің жалау түсін неге таңдамасқа?
Түстерді анықтап алдық – енді үйді әрлеуді бастауға болады. Енді бізге керегі:

  • үлкен жылтырақтар;
  • қарапайым шырша шарларының бірнеше жиынтығы;
  • майшамдар – алтын, күміс, қызыл, көк түсті;
  • шырша бұтақтары – жасанды немесе мейрамнан кейін бірнеше ай бойы шырша тікендерін жинауға дайын болғанына қарай табиғи;
  • жалпақ және кішкентай атлас ленталар;
  • бүршіктер;
  • бояу;
  • желім;
  • картон;
  • жұқалтыр;
  • мақта;
  • жасанды қардың кішкентай баллоны.
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ең алдымен барлық бөлмедегі люстраларды безендіреміз. Жылтырақтарға кішкентай атлас ленталардағы бірдей шырша шарларын тіземіз. Шарларды бір-бірінен шамамен бірдей қашықтықта бекітеміз, ал лента ұзындығын әр түрлі етіп жасаған жақсы болады. Шеңберге ұқсатып айналдыра люстра негізімен жылтырақтарды ораймыз да, лентаның бір бөліктерімен бекітеміз. Шарлар осы «шеңберден» салбырап тұрады, кешке шам жаққанда барлық бөлме күннің шұғыласы сияқты ақ дақтарға толы болады.
 Перделер  үшін картоннан, мақтадан және жұқалтырдан шағын жұлдызшалар жасаймыз. Картоннан жұлдызшаларды қиямыз, оларға желім жағамыз да, шетінен шошайып шығып тұратындай, олардың үстіне мақта қоямыз. Жұлдызшаны ілетіндей мақта мен картон арасына жіпті қойып, мұқият желімдейміз. Үстінен жұқалтырдан тура сол қалыптағы жұлдызшаны желімдейміз. Мақта жиектемесі бар күміс жұлдыздар пайда болды. Егер күміс түс сіз таңдаған түске сәйкес келмейтін болса, онда алтын түстегі жұқалтырды іздеп табуға болады немесе жұлдыздарды баллондағы бояумен бояп қоюға болады. Оларды перделерде ашық түсті бас тиектері жоқ тігінші түйреуішімен түйреуге болады, егер фактура оған сәйкес келетін болса. Немесе ұзын «жауындарға» олар перде үстінен салбырап тұратындай карнизге бекітіңіз.


Үстелдер мен комодтарды ақ, күміс немесе алтын түстегі баллондармен боялған шырша бұтақтарынан, шырша шарларынан, бүршіктерден жасалған композициялармен әдемілеген дұрыс болады. Бұтақтарды жалпақ атлас ленталармен ораймыз да, шеңберге байлаймыз. Шеңберге жасалған әшекей затты «жауынмен» немесе жіңішке шырша моншақтарымен бекітуге болады. Композиция ортасына майшам қоямыз, осындай «шамдал» өртке қауіпті екенін де естен шығармау қажет: жанып тұрған майшамдарды қараусыз қалдырмаңыз.


Үйді Жаңа Жылға омела мен сүйір жапырақты жасанды бұталардан жасалған шеңберді есіктің кіре берісінің үстіңгі жағына іле отырып безендіруге болады. Батыста керемет дәстүр бар: ер адам мен әйел адам Рождествода осындай әшекей заттың астында тұрып қалатын болса, онда олар сүйісу қажет екен. Қонақтарыңыз тосын сыйлықтарға ие бола берсін, сізге де сүйіктіңізбен осындай шеңбер астында кездесу артық болмайды. Жаңа жылыңызбен!

Отбасыңызда үйді жаңа жылдық безендірудің қандай идеялары бар? «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, айтып беріңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.