Үйге арналған пайдалы ұсақ-түйектер

Үйге қажетті жайлы ұсақ-түйектер

Пәтердің жалықтыратын интерьерін жаңарту үшін күрделі жөндеу жұмысын бастап, жиһазды ауыстырудың қажеті жоқ. Үйді әдемірек, әрі жайлы етіп әр түрлі дизайнерлік ұсақ-түйектер көмегімен жасауға болады.


Дегенмен, осы ұсақ-түйектер үйіңіздің түрін толығымен өзгертуге қабілетті. Эксперимент жасаңыз – ұнатарыңыз сөзсіз!

Қабырғаға ілетін тәрелкелер. Бүгін интерьерлік дизайнердің ең сәнді бағыттарының бірі. Қонақ бөлмені бір-екі ірі ашық түсті ыдыспен безендіруге болады, әрбір саяхаттан бір-бірден әкеле отырып, тәрелкелердің толық жиынтығын жинауға болады. Ең бастысы барлық тәрелкелер қабырға түсімен және бөлме жабдықтарымен үйлесуі қажет, әйтпесе олар әдемі емес дақ болып көрінуі мүмкін.
Гүлсауыттар. Түрлі түсті әйнектен жасалған гүлсауыт ең күңгірт деген жайдың өзін тірілте алады, өйткені бұл жарықтың өзіндік бір айласы: әйнек арқылы өте отырып, сәулелер қабырға және төбе бойымен «секіретін» көптеген күн шұғылаларға бөлінеді. Гүлсауытта түстер көп болған сайын үй соғұрлым жайлы болады. Қыста олардың ішіне қымбат емес кептірілген гүлдерді, күзде – әр түрлі жапырақтан жасалған гүл шоғын, ал көктем мен жазда – әрине, тірі гүлдерді салуға болады.
Гүлдің қыш құмыралары. Ескі, түсі кеткен және жалықтыратын гүлдің қыш құмыраларының дизайнын оларда «өсіп» тұрған өсімдіктерді зақымдамай, оңай өзгертуге болады. Әркімнің үйінде шкафта қолданысын күтіп жатқан матаның қиықтары табылары сөзсіз. Енді оларды қолданатын кез келді. Қыш құмыраларды түрлі түсті қиықтармен  орап қойыңыз (жабыстырыңыз немесе степлермен бекітіңіз): барлығын бір гаммада жасауға болады немесе, керісінше, контрастілік нұсқаларды таңдауға болады. Осы «орама» сізді жалықтырғанда оны еш қиындықсыз басқасына ауыстыра аласыз.
Суреттер және фотосуреттер. Қаласаңыз – өзіңіздің фотосуреттеріңізді немесе баланың салған суреттерін іліңіз, қаласаңыз – әйгілі фотографтың жұмыстарын немесе сәнді интерьерлік суреттерді сатып алыңыз. Таңдау, әрине, өз қолыңызда: бастысы жиектері ғана емес, сондай-ақ, бейнесі бір-бірімен үйлесетінін қадағалау қажет. Мысалы, алтын түсті жиектемедегі классикалық пейзаж ала-құла авангардтық жұмыстың қасында жақсы көрінері екі талай. Фотоколлаж немесе отбасылық пано жасап, оны жыл сайын жаңартып тұруға болады. Фотосуреттерді жүрек түрінде жасаңыз немесе олардан отбасы мүшелерінің есімдерін құрастырыңыз. Оған қоса ескі фотосуреттермен жалықтыратын есік жақтауын жабыстыруға болады: жабыстырып, лакпен бояңыз да, қызықтап отыра беріңіз. Бөлме қаншалықты көңілді, әрі ажарлы болғанын байқайтын боласыз.
Жастықтар. Жастықтарды көбінесе шығыста қолданады: үй-жайда олар көп болған сайын, соғұрлым жайлы болады. Үлкен жастықтарды еденге тастап қойып, оларды пуфик ретінде қолдануға болады, ал кішкентайларын диван мен креслоға қойып қоюға болады. Егер бөлме пастельді гаммада жасалған болса, жастықтар ала-құла бола алады; егер бөлме ашық түсті болса, онда жұмсақ нұсқаларды таңдаған дұрыс.
Қарапайым идеялар. Өлшемі әр түрлі өрілген себеттерді сатып алыңыз: олар кез келген дизайнмен тамаша үйлеседі, әрдайым үйге сән береді және бір уақытта ұсақ шашылған түрді жөнге келтіруге көмектеседі. Қонақ бөлмеде әрдайым алма салынған керамикалық не ағаш ыдыс тұрсын – бұл ұтылмайтын интерьерлік шешім болып келеді. Егер суреттерді ұнатпайтын болсаңыз, біркелкі қабырғаларды винилды жапсырмалармен безендіруге болады: қазір олар сатылымда өте көп – кез келген түсті және интерьерді сәйкестеп алуға болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз


Үйді жайлырақ ететін идеяларыңыз бар ма? «Жайлы үй» деп нені түсінесіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс