Жаңа киімді жуу керек пе?

Жаңа киімді жуу керек пе?

Оны жаңа ғана сатып алдық, ол сондай жұмсақ, енді оны бірден киіп алғымыз келіп тұр! Бірақ солай істеу керек пе? Оны кимес бұрын немесе киіп алып, онымен ұйықтамас бұрын жуып алған дұрыс емес пе? Біз Сізге осы сұраққа жауап беруге тырысамыз.


Киімді алғаш киер алдында, оны жуу қажет пе?

Иә, себебі Сіздің жаңа қысқа белдемшеңіз немесе сүйкімді свитеріңіз денсаулығыңызға жақсы әсер ете қоймас. Киім жасап шығару кезінде пайдаланылатын химиялық заттар, мысалы, хлор, терінің тітіркенуін және аллергияны тудыруы мүмкін. Пластмассаны жұмсарту үшін өндірушілер пайдаланатын фталаттардың іздерін киімдегі өрнектерден, жазулар мен суреттерден жиі табуға болады. Олар тек ішке түскен кезде ғана қауіпті, ал егер осы киімді бала аузына салса не болады? Бұдан басқа, киімде тітіркендіру тудыруы мүмкін сілтілердің іздері болуы мүмкін. Футболканың мінсіз ақтығына қол жеткізу үшін өндірушілер құрамында сілтілердің жоғары мөлшері бар құралдарды жиі пайдаланады.

Бірақ үрейіңіз қашпасын! Киімді кимей тұрып, әрдайым оны алдымен жуып алуды қағида етіп алсаңыз, Сіз осы сияқты химиялық заттарға байланысты барлық проблемалардан құтыла аласыз.

Ал менің жаңа жатынкиімім ше? Оны да жуу керек пе?


Иә, дәл жоғарыдағы себептермен оны да жуу керек. Жаңа жемпірлер мен шалбарлар сияқты, жатынкиімінің және түнгі көйлектің құрамында химиялық заттар болуы мүмкін, оларды кетіру үшін жай ғана жуу жеткілікті. Бұдан басқа, киімді базардан немесе комиссиялық дүкеннен сатып алсаңыз, ол ондаған қолдан өтуі мүмкін, ал олар әрдайым таза бола бермейді. Сәлеметсіңдер ме, микробтар!

Кеңес: Кейде күндіз киген футболкамен ұйықтайтын кезіңіз бола ма? Егер болса, ондай әдеттен құтылған жөн... Ұйықтаған кезде Сіз терлейсіз, ал егер бұған күні бойы киімге сіңген терді қосатын болсақ... онда терде көбейетін бактериялар шексіз риза болар еді. Жалпы айтқанда, тазалық жайына қалады, ал иісін айтпаса да болады!..

Мынаны білген маңызды: Сіз сатып алған киімде оны жуу туралы ескертетін таңбалау бар ма? Егер таңбалау толық болмаса немесе жоқ болса, онда сақ болыңыз! Бұл өндірушінің еуропалық сапа стандарттарын сақтайтыны екіталай. Ал егер кенеттен теріңіз қыши бастаса...

Алғашқы жуғанға дейін немесе кейін кір жуудың дұрыс циклін таңдау:

Табиғи материалдардан тігілген киімді (әдеттегі және ангор жүні, жібек, зығыр, кашемир және т. б.) әрдайым қолмен суық сумен жуған жөн.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Синтетикадан тігілген киімді (нейлон, лайкра, дрелон, кулмакс, гор-тех және т. б.), егер олардың құрамында созылатын материал болмаса, кір жуғыш машинада жуып, автоматты түрде сығуға болады.

Органикалық мақта: матаның бұл түрі аллергия да, терінің тітіркенуін де тудырмайды. Органикалық мақтаның құрамында пестицидтер, өзге химиялық заттар, ауыр металдар жоқ. Сәйкесінше, ол теріңізге өте жұмсақ болады. Алайда, тіпті осындай матадан тігілген киімді де алғаш кимей тұрып, 40 градустан аспайтын температурада жуып алған жөн.

Жібек: бастапқыда мұндай материалдан тігілген киімдерді бөлек және қолмен жуған маңызды, себебі оның бояуы басқа киімдерге жұғып кетуі мүмкін.

Барқыт және қара түсті материалдар: Түк пен қылшық оңай жабысатын осындай материалдардан тігілген киімді талшықты заттармен, мысалы, жуған кезде түктері түсіп қалатын түкті орамалдармен бірге жууға болмайды. Қара түсті киімдермен сақ болыңыз, олар оп-оңай сұрланып кетуі мүмкін! Бірақ бұл шешілетін мәселе: оларды төмен температурада, төмен айналыммен жуыңыз және кір жуғыш ұнтақты мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Және де, ең маңыздысы, қара түсті киім мен джинсаны жумас бұрын теріс айналдыруды ұмытпаңыз.

Түрлі-түсті киім: Кір жуғыш машинаға, мысалы, жаңа ашық қызыл түсті свитерді салмас бұрын, кішігірім тексеру жасауға кеңес береміз. Бір жеңін өте ыстық суға салыңыз, ал сосын онымен ақ түсті орамалды сүртіңіз. Егер орамал қызғылт түске боялса, ол свитерді басқа киімдерден бөлек немесе суық суда қолмен жуу қажет. Кейін өзіңді кінәламас үшін бұл тексеруді екінші рет жуар алдында да қайталауға болады!

Кеңес:

Киімді кір жуғыш машинаға салмас бұрын, оның барлық түймелерін түймелеп, теріс аударып салуды ұмытпаңыз. Осы қарапайым шара түрлі-түсті киімдердің уақыт өте оңып кетуін болдырмайды. Осындай пайдалы кеңесті неге алғашқы кір жуғаннан-ақ орындамасқа?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс