Жүннен тоқылған және кашемир киімді жуамыз

Жүннен тоқылған және кашемир киімді қалай жуу керек

Далада енді тұрақты минустық температура, демек шкафтан жылы жүннен тоқылған немесе кашемир киімді шығару керек деген сөз.


Олар тағы бірнеше маусым бойы бізге жарау үшін оларға дұрыс күтім жасауды үйренуіміз қажет.  

Жүннен тоқылған киімді қалай жуу керек

Кашемир киімді қалай жуу керек

Жүннен тоқылған қара киімді қалай жуу керек

Жүннен тоқылған балалар киімін қалай жуу керек

Жүннен тоқылған киімді қалай жуу керек

Өндірушінің затбелгісін мұқият оқып шығыңыз, онда жуу бойынша нұсқаулық көрсетілген. Әдетте, ол химиялық тазарту немесе қолмен жуу. Алайда, көптеген заманауи кір жуғыш машиналарда «қолмен жуу» режимі және «жүннен тоқылған бұйымдарды жуу» режимі бар.

Жүннен тоқылған бұйымдарды жуу кезіндегі негізгі мәселелер: бұйым «отырып қалуы» немесе пішінін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан көптеген әйелдер жүннен тоқылған қымбат киімді сатып алуға қорқады, оларды лақтырып тастау үшін бір рет сәтсіз жуудың жеткілікті екенін олар біледі. Нарықта түсі мен пішінін сақтауға көмектесетін жұмсақ жууға арналған арнайы құралдар пайда болғаннан кейін (мысалы, Lenor), жүннен тоқылған киім үшін алаңдамай-ақ қойса болады. Келесіні орындау жеткілікті:

  • Кір жуғыш машинада температураны 30 градустан асырмай қою.
  • Кір жуғыш ұнтақтың орнына жұмсақ жууға арналған арнайы құралдарды пайдалану.
  • Киімді арнайы қапқа салып, сығу режимін қоспай жуу.  
Lenor Гүлденген Жібек Қараған
Lenor Гүлденген Жібек Қараған

енді табу

киімді машинадан шығарған соң, оларды артық суын сорғыту үшін қол жуғышқа қойыңыз, сосын орамалмен құрғатып, жазық жерге жайлап жайып қойыңыз. Жүннен тоқылған киімді батареяда немесе кір жуғыш машинаның кептіргішінде кептірмеңіз.

Кашемир киімді қалай жуу керек

Кашемир бұйымдарды тек қолмен жуу керек деген пікір тарап кеткен. Алайда, сапалы кашемирді кір жуғыш машинада да жууға болады, ол үшін биязы маталарды жұмсақ жууға арналған құралды, мысалы, Lenor-ды пайдалану қажет.

Жүннен тоқылған қара киімді қалай жуу керек

Жуу кезінде жүннен тоқылған қара киім оңып кетуі мүмкін және одан жаманы – бір-біріне бояуы сіңіп кетуі мүмкін. Бұрын оған жеткізбеу үшін кірді сірке суының әлсіз ерітіндісінде жуатын, бүгінде барлығы айтарлықтай оңай: оңып кетуге жол бермей, өңін ашып қана қоймай, бұйымның пішінін сақтауға көмектесетін, оны жұмсарта түсетін қара киімді жұмсақ жууға арналған арнайы гельдер бар.

Жүннен тоқылған балалар киімін қалай жуу керек

Балалардың қолғаптары мен бас киімі тез кірлейді, оларды әр серуеннен кейін дерлік жуып тұру қажет. Сондықтан, киім тез тозып кетпес үшін биязы киімді жууға арналған арнайы құралдарды пайдаланыңыз, олар киімді жиі жууға мүмкіндік береді және тітіркендірмейді.

Сіз жүннен тоқылған және кашемир киімді кигенді ұнатасыз ба?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс