Мамықтан жасалған сырт киімге қалай күтім жасайды?

Мамық тон ғұмырын ұзартамыз

Мамықпен, жасанды терімен немесе синтепонмен астарланған қысқы киім ерекше ұқыптылықпен күтуді қажет етеді. Ұнататын киіміңіздің ғұмырын ұзартуға сырт киімді күту бойынша бірнеше қарапайым кеңес көмектеседі.


Жуу немесе химиялық тазалау

Мамық тондар мен жасанды ішіктердің заманауи химиялық тазалау әдістері қаншалықты нәзік болғанымен және одан кейін киім жап-жаңа болып көрінгенімен, мамық тондар күтімінің бұл әдісі едәуір қымбат болып қалуда. Бірақ бұйымның сыртқы түрі мен сапасына еш зиянсыз өзіңіз жуа алсаңыз, көп төлеп, тәуекелге бел буудың қажеті бар ма?

Мамық тонды қалай жуу керек

Мамық тонды кір жуу машинасына салмас бұрын, барлық қалталарын түймелеп, алдыңғы түймесін түймелеңіз немесе сыдырма ілгегін жабыңыз, жағасын және капюшонын шешіп алыңыз. Егер киімнің аса ластанған жерлері – жағасы, жең бүкпесі, қалтасы болса, оларды алдын-ала дақты кетіру құралының аздаған мөлшерімен щеткамен тазалап алуға болады. Мамық тонды жұмсақ жуу режимінде 30 градус температурасында, нәзік маталарға арналған арнайы құралдардың көмегімен жуу қажет. Алдын ала суға салу қажет емес. Мамық жұмарланып қалмауы үшін, барабанға киіммен бірге 2-3 теннис добын салып қойған жөн. Мамық тонды екі рет шайып, 600-800 айналымнан аспайтын жылдамдықта сығу қажет. Мамық тонды иықты киім ілгішке іліп, жылы, жақсы желдетілетін бөлмеде, мамығы тегіс жайылуы үшін оқтын-оқтын сілкіп отырып кептіру қажет.

Маңызды! Мамықпен және қауырсынмен толтырылған бұйымдарды машинада кептірмеңіз. Мамық тонды күн астында немесе жылыту батареясында кептірмеңіз.

Тері мен синтепонды машинада жуамыз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Мамық тонды қалай жуу керектігін біліп алдық. Бірақ, мамық тон күтімі оңай болмаса, синтепонды күртелер мен пальтоны жұмсақ тазартқыш құралмен 30 градус температурасында жуып, 600-800 айналым жылдамдығында сығып алған жеткілікті.

Жасанды ішіктерді 45 градустан аспайтын температурада жуу қажет, бірақ еш жағдайда машинада сығып, кептіруге болмайды. Сығу үшін жұмсақ түкті сүлгіні пайдаланып, киімді жайып кептіру қажет, әйтпесе теріде көзге жағымсыз бүкпелер қалып қояды.

Қысқы киімді сақтау

Синтепон астарлы киімді жаз бойына ешбір алаңсыз сандыққа, шабадандар мен қораптарға салып қоюға болса, ал мамық тондар мен жасанды ішіктер тар, тұйық жерлерді ұнатпайды. Мамық тондар мен ішіктер күтімі ұқыпты болуы тиіс. Оларды иықты киім ілгіштерге іліп, барлық қалталарын түймелеп, сыдырма ілгегін жауып, полиэтиленнен емес! – ауа өткізетін матадан жасалған арнайы кофрларда, жылыту аспаптарынан және тікелей күн сәулесінен аулақ сақтау қажет.

Мамық тоныңызды жуып алдыңыз және қолыңыздан барлығы келді ме? Мамық тондар мен жасанды ішіктер күтімі жайында қосымша ұсыныстарыңыз бар ма? «Мақала жазу» батырмасын басып, басқа пайдаланушыларға олар жайында айтып беріңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.