Итті қалай үйретсе болады?

Итті қалай тәрбиелеуге болады

Пайдалы кеңестер сізді альфа-көсем етеді. ________________________________________ Көп адамдарда ит бар, бірақ көп иттер жақсы тәрбиеленіп, оған қоса бақытты ма? Ең үлкен қателік – иттен адамның сезімдерін күту. Итіңіз сізді сыйламаса, үйірінің басшысы екенін сезінбесе, сізді тыңдамайды. Сондықтан тыныштық, батылдық және қайсарлық аса маңызды.


Иерархия

Иттің креслода немесе төсекте жатуына РҰҚСАТ БЕРМЕҢІЗ. Ит жоғары болған сайын, өзін иерархияда жоғары санайды.

Бірінші күннен-ақ ережені, шекті және шекараны орнату ҚАЖЕТ. Ит сізді де екі аяқты ит деп санайды. Осындай түрде сіз не көсемсіз, не оған теңсіз, немесе оған бағыныштысыз. Әлсіздік танытатын болсаңыз – жануар билікті өз қолына алғысы келеді.

Буырқана көрісу

Кіре берісте итпен амандасудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Оның секіргеніне ризасыз ба, не оған ренжіп тұрсыз ба, оған итіңіз тек одан бетер толқып кетеді.

Үйге кіріп, ештеңеге бөгелмей, сөмкені қойып, сол арада сізде мүлдем ит жоқтай (уақытша) түр танытып, өз істеріңізбен айналыса кету ҚАЖЕТ. Жануар тынышталғанда, онымен сабырлы амандасыңыз.

 Ұзақ қоштасу – артық көз жас

Драмалық қоштасуды жасаудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ.

Үйде болмайтын уақытты ұлғайта отырып, иттің ерте жасынан бастап тұрақты түрде бір уақытта кету ҚАЖЕТ. Осының алдында алданатындай оған ойыншық немесе тәтті бір тағам қалдырып қойыңыз.

Машинада

Итпен жолға шығудан бас тартудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ.

Ерте жастан бастау ҚАЖЕТ. Алдымен жануарды машинаға отырғызып, терезені ашыңыз, есікті жабыңыз да оның қасында отыра тұрыңыз. Егер итіңіз тыныш отырса, оны мақтап, марапаттаңыз. Оған жеген тамағын берсе де болады. Келесі рет қозғалтқышты қосыңыз, бірақ орыннан қозғалмаңыз. Кейін қысқа саяхатқа алып шығыңыз. Бірте-бірте итті машинада жол жүруге үйретесіз.

Серуендеуге үйрету

Үйде итпен оқыс жағдай болса, итті ұялтып, мұрнын батырып, мазасын алудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Оның еш кінәсі жоқ, ол дәретханаға барғысы келіп еді, жанында ешкім табылмады. Ұрсып жүрмеңіз, жай ғана оның артынан жинап алыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Сабырлық танытып, өз дегеніңізде күндіз де, түнде де тұру ҚАЖЕТ. Итті далаға мүмкіндігінше жиі шығарып тұрыңыз, әсіресе тамақ ішіп, ұйықтағаннан кейін, қолыңызға жейтін тамағын алып, «далаға шығамыз!» деп бұйырып шығару қажет. Ит далада шаруасын тындырғанда оны мақтап, оған тәтті тағам беріп, үйге қайтыңыз. Ақыры ол далаға шығуға өзі сұранатын болады – сол үшін оны марапаттаңыз.

Мазасыз үру

Үргені үшін итке айғайлаудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Ол онымен қоса сіз де үріп тұрсыз деп ойлап қалуы мүмкін.

Оны алдандыру ҚАЖЕТ. Шапалақ соғыңыз, «тоқтат» деп айтыңыз не көңілін басқа жаққа бұрып алдаңыз.

Физикалық белсенділік

Үлкен иттің белсенділік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірнеше километрге серуендету жеткілікті деп ойлаудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Ол жетпейді. Көп иттер ұдайы үреді, жер қазады, кеміреді не барлығын сындырады, өйткені оның іші пысып, қозғалғысы келеді.

Итіңізге физикалық жүктемені және ақылға арналған тағамды беру ҚАЖЕТ – «ит мектебінсіз» ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Басқа иттермен және адамдармен араласу, топта жұмыс істеу, танып білу иттің ақылын дамытады.

Күзету қызметі

Далада жататын ит сізді қорғайды деп ойлаудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Ондай «күзетшіні» алдандыру үшін сүйек лақтырса болғаны. Егер ит үйде жүріп үйренбесе, сізге қауіп төніп, көмек керек болғанның өзінде ол үйге кірмейді.

Ит үйіңізде тұрып, отбасы мүшесі болуы ҚАЖЕТ.

Итті таңдаймыз

Өмір сүру түрі мен қызбалық қасиетті ескеріңіз. Егер үйіңізде орын аз болса, кішкене бойлы немесе флегматикалық тектегі итті таңдаңыз.

Бірден екі күшікті алудың ҚАЖЕТІ ЖОҚ. Сізді есепке алатындай олардың арасындағы байланыс өте берік болып кетеді.

Алдымен бір итті толығымен үйретіп алу ҚАЖЕТ, сосын ғана екіншісін асырауға болады. Сол кезде алғашқысы тірі үлгі болып қалады.

Сізде осы тақырыпқа қатысты бірнеше кеңестеріңіз болатын болса, «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, оны басқа пайдаланушылармен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс