Заттардың өмірін қалай жаңғыртса болады?

Заттардың екінші өмірі

Әрбір адамның тіпті бұзылғанның өзінде тастауға қимайтын жақсы көретін заттары бар. Стиліңізді жаңалап, «дизайнерлік жөндеу» жұмыстарын жасаңыз, сонда гардеробыңызда жаңа бірегей зат пайда болады!


Кішкентай тесілген, қажалған жерлер, матаның жұқарып кетуі, дақтар – осының барлығы киімді киюге жарамсыз етеді. Ал егер бұл ең жақсы көретін футболкаң немесе джинсы сымың болса ше? Киімді тастауға асықпаңыз. Оларға екінші өмір сыйлай аласыз.

                             

Кестелеу

Бұнымен ешқашан айналыспасаңыз да, кесте тіге алмайтыныңызға сенімді болсаңыз да, бұл сөзден шошымаңыз, сұлба бойынша қарапайым суретпен немесе өрнекпен жұмыс істеп көріңіз. Бұл өте ұсақ және әдемі бір реңкті өрнек болуы мүмкін: мысалға, тамшылар немесе жұлдыздар, бұлттар немесе шариктер. Кесте кішкентай тесілген жерлерді жауып, гардеробтың ұнататын затына аса бір ерекшелік береді.

 

Сурет

Шығармашылыққа арналған дүкендерде арнайы бояулар, маркерлер, жылтырақтар сатылады – матаға сурет салуға болатындай барлық заттар бар. Сіз трафареттер жасай аласыз немесе футболкаға, жейдеге немесе көйлекке бояудың «шығармашылық» дақтарын жаға отырып, «ерікті жаратушы» бола аласыз. Ешкімге ұқсамай, бірегей болғыңыз келе ме – мысалға, джинсы шалбарына қаламмен жазу жазыңыз. Бірақ бұл жұмыс шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Кез келген жағдайда сурет салынған зат мүлдем жаңаша көрінеді, әрі өте қызық болады.

 

Аппликация

Жұқа киізден жасалған фактуралық жапсырмалар, шілтері, былғары, жүн, органза және басқа декоративтік материалдар затты әдемірек, көлемдірек және көрнекті етіп көрсетеді. Аппликациямен қиялдау үшін сізге матаның бір бөлігі, қайшы және текстильді желім қажет болады. Киімді ауырлатпау үшін аппликацияларды өте үлкен етіп жасаудың керегі жоқ.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ұсақ моншақтар, стразалар

Жылтыр шашыраған түр немесе стразалардан жасалған сурет бір түсті футболкаларға, туникаларға немесе жай шалбарға (соның ішінде джинсы сымына) өте жақсы жарасып кетеді. Стразаларды жабыстырмас немесе ұсақ моншақтарды тікпес бұрын жай қарындашпен сұлбасын салып алыңыз және безендіргеннен кейін затты жуып алыңыз.

 

Пішінін өзгерту

Тәжірибе жасап көру үшін бұл кең көлемді жұмыс. Мысалы, футболканың бүкіл бойымен геометриялық дұрыс саңылауларды қиып алып, пішінді тесіктердің шеттері қайырылатындай жуып алыңыз. Сізде водолазка, тырысып тұратын көйлек және леггинс үстінен киюге болатын тесік туника шығады. Жейденің жеңін қиып алып тастаса, белдемшенің төменгі жағына жай футболканың қиығын тіксе, белдікпен, ірі моншақтармен және өзге аксессуарлармен киюге болатын керемет көйлек шығады. Киімді қайта жасаудың кең таралған нұсқасы – әр түрлі өлшемдегі суреттерді және үлгідегі матаның өзге бөліктерін кестелеу. Пэтчворк – сәннен ешқашан шықпайтын және ескірген заттан өзекті бір затты жасайтын стиль.

 

Ескі затты әдемілегенде немесе жаңғыртқанда күтімді және тиімді кір жуу жөнінде де қамдану қажет. Сапасыз кір жуатын ұнтақтан алба-жұлба талшықтар одан бетер ағартып тастайды, сонда ешқандай рестайлинг өңі кеткен ескі киімді құтқара алмайды. Кір жуу үшін «Миф 1-де 3» ұнтағын алыңыз, ол киімнің балғын және жаңа түрін сақтайды, оған қоса тазалықтың керемет иісін береді.

 

«Миф» сатып алушылары жаңа «Миф 1-де 3» жөнінде пікіріңізді білгісі келеді! Өз пікіріңізді осы жерге қалдырыңыз

 

 Тазалық, балғындық, үнемділік!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс