Он жастан асқан және жеткіншек қыздарға арналған дұрыс тамақтану

Он жастан асқан және жеткіншек қыздарға арналған дұрыс тамақтану

10 және 18 аралықтағы жаста қыз ағзасы айтарлықтай өзгерістерге тап болады, қазіргі уақытта олардың денесі өмірлік дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыру үшін салауатты диетаны әсіресе қажетсінеді.


10 және 18 аралықтағы жаста қыз ағзасы айтарлықтай өзгерістерге тап болады, қазіргі уақытта олардың денесі өмірлік дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастыру үшін салауатты диетаны әсіресе қажетсінеді.

Әрине, бой жетіп қалған қыздың қанық өмірі көп жағдайда отбасылық түскі дастарханнан алыста өтіп жатады. Бірақ, қандай жағдай болмаса да, өсу барысында және дене құрылысының өзгеруіне сәйкес барлық қажеттілікті қанағаттандыратындай дұрыс диетаның негізгі қағидаларын білу артық болмайды.

10 жастан асқан қыздарға арналған қоректік заттарды тұтыну нормалары
Қаптамада көрсетілетін азық өнімінің 100 грамының қоректік құндылығы әдетте күніне әлдебір азықты қанша тұтыну қажет екенін шамалап бағалауға мүмкіндік береді... Сізге. Ал қыздарға ше? Бізге қажетті мәндер мыналар:

Қыздар

11-14

жас

15-18

жас

Калория   мөлшері

1850

2100

Майлар

70 г

80 г

Қаныққан   майлар

25 г

25 г

Көмірсулар

230 г

265 г

Қанттар

90 г

105 г

Ақуыздар

42 г

55 г

Талшықтар

20 г

24 г

Тұздар

6 г

6 г

Бірақ, бұл бар-жоғы әрбір топтағы жеке жүктемелерді және жас ағзаның қажеттіліктерін ескермейтін орташа мән ғана.

Қызық дерек – тіпті осы жаста қыздарға майлар мен көмірсуларды тұтыну нормалары ұлдарға қарағанда төмен.

Бірақ, жеткіншек тағамында дәрумендер, микроэлементтер мен кейбір маңызды май қышқылдары жиі жетіспеген кезде келтірілген нормаларда негізгі қоректік заттардың ғана мәндері көрсетілгенін ескеру қажет. Олардың жасында тұтынатын қант пен тұздың көлемі көп жағдайда маңызды емес, сонымен қатар ағзаға келіп түсетін майлар көлемінің де маңызы шамалы, бірақ сол майлардың түрлері жөнінде олай айта алмаймыз. Өйткені өз балаңызды сізден басқа ешкім жақсы білмейді, артық салмақтан немесе арықтықтан зардап шегетінін өзіңіз ғана білесіз, бірақ оларға дәрумендер немесе микроэлементтер жете ме, жоқ па, өкінішке орай, білу қиынға соқтырады.

Жеткіншекке арналған салауатты диета

Сырт көзбен қарайтын адам жеткіншек денесі бірнеше жыл ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшырап жатқанын оңай байқайды. Сүйектің өсуі, бұлшықеттің дамуы, горманалды ілгерілеу – осылардың барлығын ескерсе, өмірінің осы кезеңінде дұрыс тамақтану аса маңызды екені түсінікті бола бастайды.

• Күш беретін тағамдар. Осы жас тобындағы қыз бен ұлдар белсенді өмір салтын жүргізеді, бірақ ол көп күшті қажет етеді. Көбі көмірсулар салмақ қосуға әкеледі деп есептейді, бірақ негізінен олай емес, олар ағзаға күш беру үшін маңызды. Қытырлақ қыртысты жаңа піскен нан, бидайдың қатты сұрыптарынан жасалған макарондар немесе пісірілген картоп сияқты кейбір тағамдар басқаларына қарағанда қанықтырып, күш беретінін қызыңызға айтып түсіндіріңіз. Осы жастағы басқа қыздар сияқты ол да калория санаумен басын ауыртып жүретін болса, әлдебір майлы тағаммен бұны жеу міндетті емес екенін айтыңыз.

• Темір. Дәстүрлі британдық тамақтану үшін темір жетіспеушілігі тән, статистика жеткіншек жастағы қыздардың шамамен 27 % ағзадағы темір жетіспеушілігінен – осы жастағы ұлдардан екі есе көп зардап шегетінін көрсетеді. Ұлдарға қарағанда қыздар етеккір кезінде қанмен бірге көп темірді жоғалтады, дегенмен көбінде бұл жеңіл өтеді, кейбір қыздарға бұл ауыр тиеді, оларға дер кезінде ағзаға темір деңгейінің орнын толтыру қажет. Оның жетіспеушілігін толықтыруға қызыл ет және таңғы асқа үлпектер көмектеседі, ағза темірді жақсы сіңдіруі үшін құрамында С дәрумені бар азықтар мәзірін де қосуды ұмытпаңыз (мысалы, жеміс шырынының бір стақанын). Егер қызыңыз осындай күндерді қиындықпен өткеретін болса, терапевттен кеңес алып, темірдің жоғары құрамы бар препараттарды жазып беру қажет-қажетсіздігін біліп алыңыз. Осы жаста қыздар диетамен эксперимент жасауды бастайды, көбінесе, таңғы асты ішпей, қателік жасайды. Әдетте бұл салмақты күтумен туындайды, статистика таңғы астан бас тартпайтындарда орташа салмақ төмен болатынын көрсетеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

• Кальций. Көптеген жеткіншектер бала кездерінде жақсы көрген сүттен бас тартады, бірақ олардың денесі өсуін тоқтатпайды, сүйек беріктігі кальцийдің (D дәруменімен және фосформен бірге) тұрақты түсуіне әлі де болса тәуелді. Кальцийдің жетіспеушілігі міндетті түрде денсаулығында лезде сыр бере бермейді, бірақ ол жасы ұлғайғанда сүйектің сынғыштығына әкеп соғуы мүмкін. Қыздар әсіресе сүт өнімдерінен бас тартуға бейім, олар артық салмақ қосуға септігін тигізеді деген қате пікірде болады. Бұл маңызды мәселе бола бастайды, өйткені қыздарға ағзаға кальцийдің тұрақты келіп түсуі өте маңызды, дегенмен, осы жастағы ұлдар қандай да бір сүт өнімдерін жеуін жалғастыра берсе де, бұл қыздар бас тартатын азықтардың бірінші тобы болып табылады. Егер қызыңыз сүттен толықтай бас тартатын болса, оны басқа  сүт өнімдерімен қызықтыруға тырысыңыз – кальцийге бай болуы үшін оларға майға қаныққан болуы міндетті емес.

Сіз қандай көмек бере аласыз

Жеткіншектің диетасын қадағалау оңай шаруа емес – әлеуметтік өмірдің маңызды заттарынан кейін ғана тамақ не екінші, одан қалса, үшінші орынға түсіп қалады, сондықтан жүре тамақтану өмірінің қалыпты жағдайына айналып жатады. Оған қоса, көптеген жеткіншектердің тәуелсіз болуға талпынуы отбасымен бірге дәстүрлі тамақтанудан алшақтауға итермелейді.

Қызыңыздың салауатты тамақтануға қол жеткізуде қорқытуға деген талпыныс зиянды, әрі көп жағдайда нәтижесіз, бірақ өзін дұрыс таңдау жасауға «итермелеуге» тырысып көруге болады:

• екі жыныстағы да жеткіншектер (бірақ, көбінесе қыздар) тамақты ішпеу және белгілі бір тағамдардан бас тарту одан бетер салауатты немесе әдемірек көрінуге көмектеседі деп есептейді.

• Егер қызыңыз спортты жақсы көретін болса, дұрыс тамақтану денесін бір қалыпта ұстауға көмектесетінін жақын арада түсінетін болады. Салауатты тамақтану «ғылымы» жөнінде әңгімелесіңіз, әдемілікпен бе немесе жай ғана жақсы сезінумен бе – немен байланыстыратыныңыз бәрібір, маңызды емес.

• Гормондар жеткіншектердің көптеген – мысалы, безеу басқан тері немесе шамадан көп майланатын шаш мәселелерінің көзі болуы мүмкін, бірақ құрамдастырылған диета ең құрығанда асқынып кетуге жол бермейді.

• Үйде тамақ іше отырып, күнделікті ақшаны үнемдейтінін айтып ескертіңіз!

Қызыңызға тұрақты түрде жеміске толы себетті ас үйде қоя отырып, жылдам тамақтануға дәмді, жарамды тамақты ас үйде және тоңазытқышта тұрақты түрде қалдыра отырып, оған қоса өз бөлмесіне бара жатып немесе далаға шыға отырып, жолда пайдалы тамақты жейтіндей жағдай жасауға тырысыңыз. Оның диетасына мұқият қадағалау жасаңыз және оның денесі мен сыртқы келбетіне қатысты теріс түсініктемелерді беруден аулақ болыңыз – осы жаста көбінесе тамақпен байланысты анорексия және булимия сияқты невроздар пайда болады. Оңтайлы шабыттандыру және қызды түсіну сізге жақсы қызмет көрсетеді, одан басқа өзіңіз дұрыс тамақтана отырып, үлгі болсаңыз әлдеқайда жеңіл болады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс