Он жастан асқан және жеткіншек ұлдарға арналған дұрыс тамақтану

Он жастан асқан және жеткіншек ұлдарға арналған дұрыс тамақтану

Өсіп келе жатқан балалар мен жеткіншектердің қажеттіліктері сәбилерге қарағаннан айтарлықтай ерекше болады, олардың рационын құрастыра отырып, олар әлі де ересек емес екенін ескеру қажет.


Өсіп келе жатқан балалар мен жеткіншектердің қажеттіліктері сәбилерге қарағаннан айтарлықтай ерекше болады, олардың рационын құрастыра отырып, олар әлі де ересек емес екенін ескеру қажет.

Кішкентай балалардың салауатты тамақтануы туралы көптеген кеңестерге кездесіп жатамыз, бірақ оның үстінен олар ересек бола бастағанда салауатты емес тамақтану ынтықтарымен күресу одан бетер қиынға соқтырады! Қалай болса да, баланың өсуіне және дене құрылысының өзгеруіне қарай барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс диетаның негізгі қағидаларын білу артық болмайды.

10 жастан асқан ұлдардың қоректік заттарды тұтыну нормалары

Қаптамада көрсетілетін азық өнімінің 100 грамының қоректік құндылығы әдетте күніне әлдебір азықты қанша тұтыну қажет екенін шамалап бағалауға мүмкіндік береді. Ал бұны тұтынудың ұсынылған нормаларын білсең ғана жасауға болады, ал олар әрбір жас шамасына қарай топтар үшін ерекшеленеді. Бізге қажетті мәндер мыналар:

Ұлдар

11-14

жас

15-18

жас

Калория

2200

2750

Майлар

85г

105г

Қаныққан   майлар

25г

35г

Көмірсулар

275г

345г

Қант

110г

140г

Ақуыздар

41г

45г

Талшықтар

20г

24г

Тұздар

Бірақ бұл жеке жүктемелерді және жас ағзаның қажеттіліктерін назарға алмайтын әрбір топқа бар-жоғы орташа мән ғана.  

Бірақ жеткіншек тағамында дәрумендер, микроэлементтер мен кейбір маңызды май қышқылдары жиі жетіспеген кезде келтірілген нормаларда негізгі қоректік заттарға ғана мәндер көрсетілгенін ескеру қажет. Олардың жасында олар тұтынатын қант пен тұздың көлемі көп жағдайда маңызды емес, сонымен қатар ағзаға келіп түсетін майлар көлемінің де маңызы шамалы, бірақ сол майлардың түрлері жөнінде олай айта алмаймыз. Өйткені өз балаңызды сізден басқа ешкім жақсы білмейді, артық салмақпен немесе арықтықпен зардап шегетінін өзіңіз ғана білесіз, бірақ оларға дәрумендер немесе микроэлементтер жете ме, жоқ па, өкінішке орай, білу қиынға соқтырады.

Жеткіншекке арналған салауатты диета

Сырт көзбен қарайтын адам жеткіншек денесі бірнеше жыл ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшырап жатқанын оңай байқайды. Сүйектің өсуі, бұлшықеттің дамуы, горманалды ілгерілеу – осылардың барлығын ескерсе, өмірінің осы кезеңінде дұрыс тамақтану аса маңызды екені түсінікті бола бастайды.  

• Темір. Дәстүрлі британдық тамақтану үшін темір жетіспеушілігі лайық, сондықтан шамамен 13 % ұлдар оның жетіспеушілігінен зардап шегеді. Оның жетіспеушілігін толықтыруға қызыл ет және таңғы асқа үлпектер көмектеседі, ағза темірді жақсы сіңіруі үшін құрамында С дәрумені бар азықтар мәзірін де қосуды ұмытпаңыз (мысалы, жеміс шырынының бір стақанын).

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

• Кальций. Көптеген жеткіншектер бала кездерінде жақсы көрген сүттен бас тартады, бірақ олардың денесі өсуін тоқтатпайды, сүйек беріктігі кальцийдің (D дәруменімен және фосформен бірге) тұрақты түсуіне әлі де болса тәуелді. Кальцийдің жетіспеушілігі міндетті түрде денсаулығында лезде сыр бере бермейді, бірақ ол жасы ұлғайғанда сүйектің сынғыштығына әкеп соғуы мүмкін. Егер ұлыңыз сүттен толықтай бас тартатын болса, оны басқа сүт өнімдерімен, мысалы, ірікшікпен, сүт коктейлімен немесе йогуртпен қызықтыруға тырысыңыз. Балық та, сол сардина болсын – ол да кальцийдің жақсы көзі болып табылады, бірақ барлық ұл-жеткіншектерге ұнайды деп айту қиын.

Сіз қандай көмек бере аласыз 

Жеткіншектің диетасын қадағалау оңай шаруа емес – әлеуметтік өмірдің маңызды заттарынан кейін ғана тамақ не екінші, одан қалса, үшінші орынға түсіп қалады, сондықтан жүре тамақтану өмірінің қалыпты жағдайына айналып жатады. Оған қоса, көптеген жеткіншектердің тәуелсіз болуға талпынуы отбасымен бірге дәстүрлі тамақтанудан алшақтауға итермелейді.

Оны құрамдастырылған диетаны сақтауға осылайша ынталандыруға болады:

• Егер ұлыңыз спортты жақсы көретін болса, дұрыс тамақтану денесін бір қалыпта ұстауға көмектесетінін жақын арада түсінетін болады. Салауатты тамақтану «ғылымы» жөнінде сөйлесіңіз, осылайша қызығырақ болып көрінеді!

• Гормондар жеткіншектердің көптеген – мысалы, безеу басқан тері немесе шамадан көп майланатын шаш проблемалардың көзі бола алады, бірақ құрамдастырылған диета ең болмаса асқынып кетуге жол бермейді.

• Үйде тамақ іше отырып, күнделікті ақшаны үнемдейтінін айтып ескертіңіз!

Тұрақты түрде ас үйде және тоңазытқышта дәмді, жылдам жеуге жарамды, оған қоса өз бөлмесіне бара жатып немесе далаға шыға отырып, жолда пайдалы тамақты жейтіндей жағдай жасауға тырысыңыз, оның сүйсіне жейтін тағамдарын дайындай отырып, отбасылық үстел басында тамақтануға шақырып, қызығушылығын жиі арттырып тұрыңыз.

 Әдетте ұл-жеткіншектер жақсылап тамақтанғанды ұнатады және калория туралы соншалықты көп ойламайды, сондықтан бала игілігіне осыны қолданыңыз. Оған қоса, олар жаңа тағамды, әсіресе, егер ол достарына да ұнайтын болса, жегенді ұнатады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс