2017 Жаңа жылға қандай тағам мәзірін әзірлейміз?

2017 Жаңа жылға қандай тағам мәзірін әзірлейміз? 4 тәсіл

Әркім көңілді, қызықты, ерекше, әрі дәмді өткізгісі келетін жылдың ең негізгі түні таяп қалды. Жаңа жылдың басты артықшылығы неде деп ойлайсыз? Әлбетте, мерекелік дастарханда! Шабытыңызды тасыту үшін сізге 2017 жаңажылдық өзіміздің ас мәзірі түрін ұсынып отырмыз. Келесі жылдың шартты белгісі ашық және алабажақ түстерді ұнататын жалындаған қызыл түсті тауық. Сондықтан дастарханыңыз алуан түстен тұрса, тіпті жақсы!


 2017 Жаңа жылға тіске басарлар

Тартылған «Цыплята» жұмыртқасы

Қоспалар:

  • Тауық жұмыртқасы – 7 дана.
  • Қатқыл ірімшік - 150 гр.
  • Сарымсақ -  1 түйір.
  • Майонез –  дәміне қарай
  • Түйіршікті бұрыш – 14 түйір (көз үшін).
  • Сәбіз -1 дана.

             Дайындау әдісі:

  1. Жұмыртқаларды қайнатып,  тазалап және берік болуы үшін төбесін жоғарыдан - сәл  төменнен кесіңіз.
  2. Жұмыртқаның сарысын абайлап алып, оны туралған ірімшікпен, майонезбен, ұсақталған сарымсақпен араластырыңыз.
  3. Дайындалған қоспаны ақ уызға салып, олардан болашақ балапанның «басы» шығып тұратындай кескін жасау керек. Төбесіне алдында кесіп алынған жұмыртқа қалпағын кигізіңіз.
  4. Бұрыш түйіршіктерінен көз жасап, ал сәбізден тұмсық пен табан саусақтары үшін кішкене үшбұрыш кесіп алыңыз.

 Сиыр етінен Карпаччо сельдерей қосылған  

  • Сиыр еті  – 150 г
  • Сельдерей – 150 г Тұздық:
  • Қою бальзамдық  сірке суы – 1 ас қасық.
  • Зәйтүн майы– 2 ас қасық.
  • Қара бұрыш – ½ шай қасық.

             Дайындау әдісі:

  1. Сиыр етін кесектеп жұқалап кесіп, жұқа қабықшаның астына салып, жаншыңыз.
  2. Сельдерейді сабақша пішінде кесіңіз.
  3. Сиыр етімен сельдерейді айналдырып ораңыз.
  4. Бұрыш пен майды, сірке суын араластырып, оны жасалған карпаччоның үстіне құйыңыз.

2017 жаңа жылдың салаттары

Тауықтан жасалған Оливье

Сүйікті оливьесіз жаңажылдық дастарханның сәні кіре ме? Алайда бұл тағам түріне аздаған өзгеріс енгізіп, жылдың иесімен әрлейік.Бұл үшін дайын салаттың  үстіне тауықтың мүсінін: денесі мен басын жұмыртқа бөлігінен, қанатын, тұмсығы мен айдарын қызыл және сарғыш қызыл бұрыштардан жасап, орналастырамыз.

 «Шыршы» тауық салаты

Қоспалар:

  • Тауықтың төсі– 600 г
  • Картофель – 2 дана.
  • Сәбіз – 1 дана.
  • Жұмыртқа – 2 дана.
  • Грек жаңғағы – 200 г
  • Майонез – дәміне сай
  • Анар – 1 дана.
  • Аскөк – 1 байлам.

Дайындау әдісі:

  1. Тауық етін, картофельді, жұмыртқа мен сәбізді қайнатыңыз. Салқындауын күтіңіз, содан соң текшелеп турап, майдаланған грек жаңғағы мен майонезбен араластырыңыз.
  2. Салатты тегіс табаққа шыршаның шошақ пішінінде ақтарыңыз.
  3. Аскөктен «шыршадағы» жапырақтарды, ал анардың дәндерінен  - ойыншықтар жасаңыз.

Біздің шыршамыз дайын!

2017 Жаңа жылдың ыстық тағамы

Апельсинмен қыздырылып пісірілген мерекелік тауық еті

Қоспалар:

  • Бүтін тауық еті – 1 дана.
  • Апельсиндер – 2 дана.
  • Сарымсақ – 3 түйір
  •  Бұрыш қоспасы – 2 шай қасық.
  • Тұз –дәміне сай.
  •  Бал – 2 шай қасық.
  •  Зәйтүн майы – 1 ас қасық.
  • Көкөніс – әсемдік үшін.

Дайындау әдісі:

  1. Тауықты жуып, кептіріңіз, содан соң алдыңғы бөлігіне, ішкі жағына тұзды, сарымсақты жағыңыз.
  2. Бір апельсинді жұқалап бөліп, кесіңіз. 3-4 кесімін терінің астына, ал қалғанын тауықтың ішіне салыңыз. Тауықтың кесілген жерлерін тістазалағышпен бекітіп, немесе жіппен байлап қойыңыз.
  3. Бал, зәйтүн майы мен бұрышты араластырып, алынған қоспаны тауыққа жағыңыз.
  4. Тауықты майланған қаңылтыр табаға салып, 200 градусқа дейін қыздырылған қуысты пешке 15 минут қойыңыз. Одан кейін температураны 180 градусқа дейін азайтып, 50 минуттай ұстаңыз.
  5. Дайын болған тауық тағамын  дастарханға әкелер алдында апельсин мен көкөніспен көмкеруіңізге болады.

Асыңыз дәмді болып, Жаңа жыл бақыт әкелсін!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс