Баланы жаңа тағамға қалай үйрету қажет: тағам талғағыштар

Баланы жаңа тағамға қалай үйретсе болады

Балалардың тағамға келгенде қандай талғампаз болатынын аналар бастарынан өткендіктен біледі. Бір тағамды ұнатып қалып, жаңа тағамдарды татудан үзілді-кесілді бас тартады. Не істесе болады? Баланы дұрыс тамақтануға қалай үйретеміз? Біздің қарапайым кеңестерімізге құлақ асыңыз.


1. Баланың көзінше тамақ ішіп, ол үшін таңсық тағамдарды көз алдында ұстаңыз. Кішкентай балалар ересектердің не істегенін қызыға бақылап, мүмкіндігінше еліктеуге тырысады. Баламен бірге ас ішіңіз. Оған бейтаныс, жаңа тағамнан сіздің қандай ләззат алатыныңызды көрсін. Алдымен көңіліне әуестік пен қызығушылық ұялап, одан кейін ол тәрелкеңіздегі соншалықты дәмді нәрсені татып көргісі келеді.

2. Өзіне таңдау мүмкіндігін беріңіз

Балаға ненің дәмін татып көретінін өзі таңдағаны қызық болады. Тәрелкесіне ол үшін таңсық тағамның бірнеше түрін салып беріп, ең ұнатқанын таңдап алу мүмкіндігін беріңіз. Баланы дүкенге ертіп баратын болсаңыз, жаңа көкөністі немесе жемісті өзі таңдасын. Сонда ол өзін барынша дербес сезініп, оның жаңа тағамдармен танысуды қалауы барынша есті болады.

 

3. Бір тағамды бірнеше рет ұсыныңыз

Егер бүлдіршін брокколиден бір рет бас тартқан болса, қайтпаңыз, қайта ұсына беріңіз. Психологтардың айтуынша, балалар жаңа тамаққа ұзақ үйренуі мүмкін: 9 рет бас тартса, оныншы рет ол дәмін татып, келісе салады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

4. Алдымен жаңа тағамды ұсыныңыз

Жаңа тағамды, тамақтануды енді бастағанда, баланың қарны аш болып тұрғанда ұсыныңыз. Осылайша ол күтпеген жерден, дәміне үйренбеген тағамға келісе салуы да мүмкін.

 

5. Жаңа тағамды бала түсінетін салыстыру жолымен түсіндіріңіз

Жаңа тағамға үйреткенде, балада жанына жылы байланыс туатындай өзі ұнатып қалған тамағымен салыстыруға тырысыңыз: «Киви дәмі сен жақсы көретін жүзім мен құлпынайға ұқсас».

Алуан түрлі, үйлестірілген тағам – балаңыздың денсаулығының кепілі!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс