Балаларға арналған рецепттер

Ең кішкентайларға арналған гарнир

Балаға картоптың орнына не ұсынса болады және оны қалай дәмді етеміз? Балаларға арналған оңай рецепттер осы материалымызда.


Көкөністі езбе

Балаларға арналған рецепттерді қарайтын болсақ, көп жағдайда гарнирлердің нағыз құндылығын ұмытып, оған қосалқы элемент ретінде қарайды, бірақ шын мәнісінде дұрыс дайындалған гарнирдің бойында дәмі мен пайдасы үйлескен болады. Күнделікті картоптан шығып қалған болсаңыз, картоп езбесіне ұқсатып, балаңызға көкөністі езбе дайындап көріңіз.

Сәбіз езбесі

Сәбізді буға немесе әдеттегі әдіспен пісіріңіз. Блендерге сәбіз, тазартылмаған май (ең жақсысы – зәйтүн майы), бір шымшым тұз, бір шымшым зира (кумин) және бір шай қасық лимон шырынын (аллергиясы болмаса) салыңыз. Езбе күйіне дейін араластырыңыз немесе тура кәстрөлдің өзінде картоп езгішпен езіңіз. Балықпен тамаша үйлеседі және балаға ғана емес, бүкіл отбасыңызға ұнайды. Ең кішкентайлар үшін сәбізді жай ғана қаймақпен немесе сүтпен езсе де болады.

 Брокколи езбесі

Брокколиді әбден пісіріп, қалауыңызша тұз және аздаған жылы сүт немесе қаймақ қосыңыз. Көкөніс сорпасын немесе суды пайдаланса да болады.

Піскен асқабақ

Асқабақты аршып, шағын текшелеп тураңыз. Қаңылтыр табаға наубайханалық қағаз немесе жұқалтыр жайып, аздап зәйтүн майын себіңіз. Асқабақты жайып, жұмсарғанша пісіріңіз. Күйіп кетпеуін қадағалап отырыңыз. Аздап қант сепсеңіз немесе бал құйсаңыз, гарниріңіз десертке айналады.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеміс қағы қосылған күріш

Ақ, бумен өңделген және езілмейтін сұрыпты күрішке жеміс қағын – жүзімді, өрікті, қараөрікті және сары май қосып пісіріңіз. Тамаша, өздігінен бір бөлек тағам болып шығады. Қақтың орнына көкөніс – сәбіз, қызанақ, асқабақ, көк бұршақ және жүгері қоссаңыз, балалар тағамының таптырмас гарнирі болып шыға келеді. 

Көкөністі рагу

Гарнир бола алатын тағы бір толыққанды тағам. Көкөністі – кәдіні, баялдыны, сәбізді, тәтті бұрышты, пиязды – ұсақ текшелеп турап, су қоса отырып, піскенше бұқтырыңыз. Қалауыңызша картоп қосыңыз.

 

Жаңғақ қосылған үрмебұршақ езбесі

Үрмебұршақты әбден пісіріңіз. Бір-екі грек жаңғағының дәнін қабығы оңай түсу үшін қайнап тұрған суға салып алыңыз. Пиязды аз ғана су қосып, зәйтүн майына қуырып алыңыз. Барлығын блендерге салып, езілгенше араластырыңыз.

Ал сіз қандай гарнирді ұнатасыз? Сіздің және балаларыңыздың ең ұнататын түрі қандай? Балаларға арналған қандай рецепттерді ұсына аласыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.