Балалармен бірге тамақ дайындаймыз

Балалармен бірге тамақ дайындаймыз. Бірнеше көңілді идея

Балалармен ойналатын аспаздық ойындар — бұл көңілді уақыт өткізу. Осы қызық іспен бала тәбетін ашып, оны дәмді, әрі салауатты тағамға үйрете аласыз.


Түрлі түсті кешкі ас
Бүгінгі кешкі астың түсі қандай болатынын бала өзі таңдасын. Мысалы, тек жасыл, қызыл немесе ақ түсті болсын. Арнайы тағамдық бояғыштарды қолданып, күлкілі көк түсті спагетти немесе қызыл түсті бәлішті жасап көруге болады.
Серуендеуге жиналып жатырмыз
Балалар декорацияны өзгертіп, әр түрлі орындарда тамақ ішкенді ұнатады. Баланы ас үйде жалықтыратын  тамақ далада ең дәмді тамаққа айнала алады. Қыс та – серуендеуге шықпауға сылтау емес. Өзіңізбен бірге шай құйылған термосты және тамақ салынған контейнерді алып шығыңыз.

Сынап көретін 3 рецепт:

Үй гамбургерлері
Үй гамбургерлері өте оңай дайындалып, өте көңілді желінеді. Котлеттерді балалардың өздері жасап, сізге қуыруға дайындап тұрсын. Түрлі түсті ыдыс сатып алыңыз, сонда әдеттегі түстен кейінгі ас шағын мейрамға айналады!

Әріптік пицца
Балалар қамыр илесін. Ол үшін 300 г нан ұнын, 1 шай қасық ашытқыны, 1 шай қасық тұзды, 1 ас қасық зәйтүн майын және 200 мл жылы суды араластыру қажет. Одан кейін бірге қамырдан есімдерінің әріптерін илеп, жайпақ қаңылтыр табаға саламыз. Үстінен үккіштен өткізілген ірімшіктен жасалған салманы, ветчинаны және қызанақ тілімдерін саламыз. 220 °C температурада 8-10 минут пісіреміз.

Барлығы да сорпаға жарайды!
Балаға сорпаға арнап тоңазытқыштан кез келген ингредиенттерді таңдауға рұқсат беріңіз! Не жарайтынын, не жарамайтынын өзі шешсін. Барлығын ұсақтап турап, 30-40 минут қайнатыңыз. Мүмкін жаңа қызық бір рецепт табатын шығарсыз!

Тамақ дайындау көңілді, әрі қызық болу үшін суреттері бар аспаздық кітапты сатып алып көріңіз немесе өзіңіз құрастырып көріңіз. Балалар сізге қол ұшын береді!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.