Балалармен бірге пісіреміз

Балалармен бірге пісіреміз

Баланы ас үйге кіргізбейсіз бе? Бекер-ақ: бірлесе отырып тамақ дайындау – бұл тек дәмді нәтиже ғана емес, оған қоса бұл өзара түсінушілікті жақсартатын көңілді іс болып табылады. Енді қолға оқтау алайық!


1-кеңес. Баламен бірге пісіру  үшін ашытқысыз, шикі жұмыртқасыз, азықтардың күрделі өңдеуінсіз қарапайым рецепттерді таңдаңыз. Үгілгіш қамырдан (ұн, сары май және қант) бастауға болады: ол созымды, қолға жабыспайды, жақсы жайылады. Духовкада дайындау уақыты 30 минуттан артық болмайтындай болғаны дұрыс – әйтпесе жас аспазшының нәтижені күтетін шыдамы таусылып қалады.

2-кеңес. Қарапайымнан күрделі жаққа қарай жүріңіз. Үш-төрт жастағы бала үгілгіш қамырмен жақсы жұмыс істей алады, ал 5-6 жастағы  балалар әдемі безендірілген торт және салмасы бар бәліш  рецептін игере алады. Оған қоса, балаға тағамды ұсыну әдістері, этика ережелері жөнінде айтып беріңіз.

 3-кеңес. Сәйкес құралдар мен аксессуарлар туралы да ойластырып қойыңыз. Балаға алжапқыш, кішкентай оқтау, араластыратын шағын араластырғыш қажет болады. Балаға кішкентай қалыпшалар, мысалы, ермексазды мүсіндеуге арналған жиынтықтың көмегімен печеньені кесуге ыңғайлы болады. Пісірілген тағамды безендіру үшін қант ұнтағын, какаоны, дайын кондитерлік себілетін заттарды қолдануға болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

4-кеңес. Ережені сақтаңыз. Әрбір тағам жасауда рецепт болатынын және соны сақтау: құрам бөліктерінің дұрыс көлемін алу, әрекет ету тәртібін сақтау керектігін балаға айтыңыз. Сонда бәліш немесе печенье дәмді болып шығады. Ас үйде жүру ережесін: қолды жуу, пышақты ұстау ережесі, ыстық заттарды тұтқыш көмегімен ұстау, духовканы абайлап ашу ережесін міндетті түрде айтыңыз. 

5-кеңес. Баланың қиялын шектемеңіз! Жасауда ерік беріңіз, қалай дұрыс жасау керек демей, қалағанындай өзі жасайтын істерін істеп безендірсін. Баламен бірге тамақ дайындаймын деп шешсеңіз, баланың жасаған ісін қайта жасап, одан бетер жақсы жасаудың қажеті жоқ – мейлі қисық бола берсін, өйткені осы печеньені өзі жасағаны маңызды емес пе. 

Ал сіз балалармен бірге тамақ дайындайсыз баҚызық идеяларды ортаға салыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.