Баланың тамаққа тәбеті болмағанда

Баланың тамаққа тәбеті болмағанда

Көптеген балалар бірнеше қасық тамақ ішкеннен кейін тамаққа тойып алғанын айтады, ал басқа балалар тамақпен ойнап немесе үстелден тезірек тұруды ойлап, тәрелкедегі қасықпен ойнап, шұқылап отырады. Ата-аналар реакциясы әдетте бірдей болады: «Тамақты көп ішсең, күшің де көп болады!» Бірақ бала өзін жақсы сезінсе, қуана ойнайтын болса және тынымсыз асыра салып жүрсе, онда алаңдайтын ештеңе жоқ.


Баланың сезімдеріне сенім артып, төмендегілерді есте ұстауымыз керек:

  • Кейбір жағдайда баланың физиологиялық өсуі баяулайды.
  • Жасы өсе келе тәбеті өзгеруі мүмкін. Әдетте 18 айға келгенде азаяды да, бала өте көп күш жұмсағанда мектеп жасында жаңартылады.
  • Тәбеттің жоқтығы науқастану белгісі болуы мүмкін.
  • Бала тәбеті тікелей оның көңіл-күйіне байланысты.
  • Бала тамаққа тойып алғанын айтқанда, бұл олай емес деп, күштеп оған тамақ жегізудің қажеті жоқ.

Тәбеттің кенет жоғалуы жаңа әсер алудан да болуы мүмкін:

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

  • Балабақшадағы немесе мектептегі алғашқы күні.

  • Жыл мезгілі өзгергенде.

  • Күн кенет жылып кеткенде.

Егер баланың таңғы асқа деген тәбеті болмаса, саспаңыз, келесі тамақ ішкенде орнын толтырады. Бірақ оны одан бетер әсерлі, әрі көңілді ете аласыз. Әдемі ашық түстегі тәрелкеге әр түрлі азықтардан ассорти жасап беріңіз. Мысалы, бірнеше фрикаделька, черри қызанағы, бір тілім ірімшік, сәбіз және т.б. Шынымен алаңдайтын кез болғанда Егер қанша тырыссаңыз да, баланың тәбеті ұзақ уақыт бойы нашар болса, онда оның себебін білуіңіз керек. Таңғы ас, түскі ас пен кешкі ас арасында бала қаншалықты жиі және не жейтінін қадағалаңыз. Бір қарағанда шағын жеңіл тамақта және жеміс шырынында өте көп калория болуы мүмкін, сол себепті баланың қарны ашып үлгермейді. Бұл тамақ ішетін уақыт арасында мүлдем ештеңе жеуге болмайды деген емес, тәтті кәмпит орнына сәбіз немесе алма беріңіз. Тамақ ішуден бас тарту себебі баланың әдеттегі еркелігі де, өзіне көңіл аударту да бола алады. Тек кейбір жағдайда тәбеттің болмауы алаңдайтын себепке айналуы мүмкін, бірақ ол туралы сізге тек дәрігер айта алады. Сау болыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.