Аспаздық, үйде тамақ дайындаймыз және диеталық тамақ

Сіз диета ұстасаңыз, отбасын қалай тамақтандырса болады?

Өз рационыңызды тек қана диеталық азық-түлікпен және тағамдармен шектеген болсаңыз, өзіңізге бөлек тамақ дайындау міндетті емес. Ас үйдегі өміріңізді жеңілдетіңіз – пайдалы тағамға бірнеше құрамдасты қоссаңыз болғаны, олар отбасының әдеттегі тағамына айналады.


Барлық отбасына арналған дәмді көкөніс сорпасы

Егер сіздің диеталық тамақтануыңыз езбе сорпадан немесе көкөніс сорпасынан тұратын болса, ал отбасыңыз азықтық шектеулер жолымен сіздің артыңыздан ілесіп жүруге дайын болмаса, отбасы мүшелеріне бірнеше қосымша ингредиенттерді жай ғана ұсына отырып, әрбіреуінің көңілін оңай таба аласыз. Әсіресе үйде тамақ өзіңіз әзірлейтін болсаңыз.

Көкөніс сорпаларына және езбе сорпаларға келесі қоспалар жақсы келеді:

  • үккіштен өткізілген ірімшік (қатты сұрыптар жақсы болады);
  • қытырлақтар – сарымсақпен, дәмдеуіштері бар маймен өзіңіз жасап, немесе ірімшік себе отырып, оларды түрлендіруге болады;
  • қуырылған бекон;
  • етті фрикаделька;
  • қуырылған тауық еті;
  • езбе сорпасына қалған отбасы мүшелеріне блендерде ұсақталған балқыған ірімшікті де қосуға болады.

Кесеге толтырманың бірнеше түрін салып, кешкі асқа немесе түскі асқа қойып қойса, жеткілікті болады. Бұл ас ішетін үстелді дайындауда қосымша элемент болып қана қоймай, әрбір отбасы мүшесіне қалауынша толтырманы таңдауға мүмкіндік береді.

 «1 ішінде 3» балығы

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Сізде пісірілген немесе буға пісірілген балық бар ма? Тіпті жақсы! Песто тұздығын жылдам жасап жіберіңіз. Блендерге тоңазытқышта жатқан кез келген көктің бір байламын, бір-екі сарымсақ тісшесін, 100 грамм ірімшікті және 50-100 мл зәйтүн майын салып, араластырыңыз. Оған бадамды немесе балқарағай жаңғағын қосса жақсы болады, бірақ бұл жерде ең бастысы – ірімшік, сарымсақ пен көк. Зәйтүн майын көп қоспаңыз, қоспа сұйық болып, ағып тұрмауы тиіс. Барлығын блендерде бірнеше секунд бойы ұсақтаңыз. Ал әрі қарай жасалған қоспадан балыққа «қабықша» жасап, балық бүтін болса, ішін тіліп, шамалы песто салыңыз да, духовкаға қойыңыз. Нәтижесінде сіздің тамаша диеталық тамақтануыңыз отбасы үшін жоғары асхананың айтулы тағамына айналды.

Жасық ет...

сізге, ал отбасыңызға – маринадтағы ет. Стейкті жарты сағат – бір сағат бұрын қалаған маринадыңызға (ең қарапайым түрін соя тұздығынан және қышадан жасауға болады) салып қойыңыз да, духовкаға салып, пісіріңіз.

Көкөністен пісірілетін тағам түрлері

Кез келген, тіпті әбден мезі қылған түскі астың өзін көкөністер түрлендіреді. Дастархан басына барлығы жайғасқанға дейін жарты сағат бұрын духовкаға екіге немесе төртке бөлінген бірнеше кәдішті немесе цукиниді, екі тәтті бұрышты және ұзыннан немесе домалақтап туралған баялдыны салып қойсаңыз болады. Көкөністерді таза түрінде де, сарымсақпен, зәйтүн майымен және бальзамды сірке сумен дәмдеп, барлығын араластырып, жылы салат түрінде де берсеңіз болады.

Өзіңіздің үй тағамдарыңыздың құпиясын ашып беріңіз! Егер сіз диета ұстасаңыз, барлық отбасын қалай тамақтандырса болады? «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, өзіңіздің жеке рецепттеріңізбен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.