Саңырауқұлақ қосылған жасымықтан жасалған сорпа — рецепт. Бұршақ пен чоризо қосылған сорпа.

Ыстық сорпа күші

Ыстық сорпа тағамының орнын ештеңе баса алмайды. Ол ішіңізді жылытып қана қоймай, сізге күш пен жігер береді. Дәмді, тойымды, әрі пайдалы сорпаның екі рецептін бағалауды ұсынамыз.


Саңырауқұлақ қосылған жасымықтан жасалған сорпа

Дайындау уақыты: шамамен бір сағат
Порция саны: 4 

Құрамы:

Қозықұйрық — 150 г
Ысталған шошқа еті— 250 г
Жасымық — 250 г
Үлкен пияз — 1 дана
Зәйтүн майы — 15 мл
Балдыркөк — 1 сабақ
Ақжелкен — 1 байлам
Сарымсақ — 2 тісше
Лимон — қалауыңызша
Жалбыз — қалауыңызша
Тұз бен бұрыш — қалауыңызша

Дайындау әдісі:
1. Түбі қалың кастрөлде зәйтүн майын қыздырыңыз, туралған пиязды, балдыркөкті, сарымсақты, ақжелкенді және шошқа етін қосыңыз.
2. Баяу отта 5 минут қуырыңыз, кейін туралған саңырауқұлақты қосып, тағы 5 минут қуырыңыз.
3. Жасымықты қосып, су немесе сорпа құйыңыз да, шамамен 30 минут пісіріңіз.
4. Дәмдеуіш, сондай-ақ, лимон шырынын және қалауыңызша жалбыз қосыңыз. 
5. Тамақты дастарханға нанмен және ірімшікпен берген дұрыс.

Үрме бұршақ пен чоризо қосылған испан сорпасы

Дайындау уақыты: шамамен 1,5 сағат 
Порция саны: 4–6 

Құрамы:
Үрме бұршақ — 250 г
Орташа пияз — 1–2 дана
Картоп — 400 г
Қырыққабат — 100 г
Зәйтүн майы— 30 мл
Тауық немесе көкөніс сорпасы— 1 л
Чоризо шұжығы (немесе паприкамен дәмделген шошқа етінен жасалған шикідей ысталған шұжық) — 200 г
Тұз бен бұрыш— қалауыңызша

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Дайындау әдісі:

1. Үрме бұршақты су құйылған үлкен кастрөлге салып қойыңыз, түні бойы тұрсын. Суын төгіп, жуыңыз.
2. Үрме бұршаққа қайтадан су құйып, көбігін ала отырып  қайнатыңыз.
3. Отын бәсеңдетіп, шамамен 30 минут қайнатыңыз. Суын төгіп, үрме бұршақты бір жаққа қоя тұрыңыз.
4. Түбі қалың кастрөлде май қыздырып, туралған пиязды, картопты және қырыққабатты қуырыңыз. Тұздап, бұрыш салыңыз.
5. Үрме бұршақ қосыңыз, сорпа құйыңыз да, 20 минут бойы қайнатыңыз. Кейін чоризо тілімдерін салып, тағы 10 минут дайындаңыз.
6. Дәміне қарай дәмдеуіш қосып, тәрелкеге құйыңыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс