Көңіл-күйді көтеретін  азық

Көңіл-күйді көтеретін түсті азық-түлік

Дастарханыңыздағы түсті азықтар дәстүрлі таңғы астарды, түскі ас пен кешкі астарды одан бетер ашық етіп, көңіл-күйді көтереді, бастысы, ағзаға орасан пайдасын тигізеді.


Тамақ көмегімен түспен емделу соңғы жылдары диетологияда және психологияда кең таралуда. Зеріктіретін күңгірт ботқалар мен бір түсті көкөністер тәбетті ашуға септігін тигізбей, көңіл-күйді көтермейтіні анық, әсіресе, егер сіз диета ұстап, рационыңызда шоколад пен тәтті нан түрінде көңіл-күйді жылдам көтеретін көмірсулар мол болмаса.

Не істесе болады? Әрине, рационыңызға түсті тағам қосу! Ол дұрыс тамақтануға және жақсы көңіл-күйге мүлдем қарсы болмайды, керісінше, барлық заңдарына толығымен сәйкес келеді!

Әдеттегі көкөніс рагу тағамы бірнеше түсті көкөністі араластырса, одан бетер ашық түске боялады. Қызыл түсті қызанақ, жасыл түсті бұршақ, қызғылт-сары  сәбіз, сары түсті бұрыш – міне тәрелкеңізде қуаныштың барлық түстері де бар. Осындай түскі астан кейін жақсы көңіл-күйге кепілдік беріледі!

Рационыңызға әрбір тамақтанған сайын «азықтық кемпірқосақтың» кем дегенде үш түсін қосыңыз.

Қызыл — қызанақ, тәтті бұрыш, қызылша, шалғам, алма, бүлдірген, қызыл қарақат, қаны ағып тұрған ет. «Қызыл» түсті тағам иммундық жүйеге жақсы әсер етеді және қалыпты қан түзуді қолдайды.

Қызғылт-сары — бұрыш, асқабақ, апельсин, мандарин, қауын, шабдалы, өрік, сәбіз, бал, құрма. Бұл азықтар С дәруменіне бай. Қызғылт-сары тағам көңіл-күйді көтереді. Күнделікті рационыңызда бола отырып, оған бір қарағанда-ақ көңіл-күйді көтереді. Одан басқа, қызғылт-сары тағам ағзаның жасушасын жаңартуға септігін тигізіп, иммунитетті күшейтеді.

Сары — лимон, сары бұрыш, жүгері, өсімдік майы, грейпфрут, банан, ананас, жаңғақ. «Сары» түсті рацион  жүйке жүйесін күшейтеді және ақыл-ой қабілетіне оңтайлы әер етеді. Әдетте, сары түсті азықтар калийге бай.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жасыл — брокколи, бұршаққынды үрме бұршақ, бұршақ, бамия (қатырылған), кольраби, брюссель қырыққабаты, авокадо, киви, алма, алмұрт. А, С, Е дәрумендерінің таптырмайтын көзі.  «Жасыл» түсті тағам - өте дұрыс тағам. Ол антиоксиданттық қасиеттерге ие және жүйке жүйесін тыныштандырады.

Көгілдір — жалпы алғанда, балықтың қызыл тұқымдардан басқа барлық түрлері. Ал балық болса, ақуыздың ең жақсы көзі болып қана қоймай, оның құрамында омега-6 және омега-3 полиқаныққан май қышқылдары, кальций, калий және В тобының дәрумендері бар. Егер өзіңіздің жүрек-тамыр жүйеңізге және дене сымбатына қатты көңіл бөлетін болсаңыз, «көгілдір» түсті балық сізге нақты көмекші бола алады!

Көк – баялды, көк өрік, қызыл қауданды қырыққабат, саңырауқұлақ, теңіз қырыққабаты. Осы түстегі азықтар күйзеліспен күресуге көмектеседі және жақсы көңіл-күйді қалпына келтіреді. 

Күлгін — насыбайгүл, қара жүзім, зәйтүн, көкжидек, кейбір сұрыптағы көк өрік, қарақат, қаражидек, қара бүлдірген. «Күлгін» түсті тағам ұйқы мен ас қорытуды жақсартады.

Ал сіз тағам түсіне көңіл бөлесіз бе? «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, түрлі түсті тағамдардың жеке рецепттеріңізбен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.