Пайдалы дәмтатымдардың рецепттері: балаға өзімен бірге не беріп жіберген жөн

Пайдалы дәмтатымдардың рецепттері: балаға өзімен бірге не беріп жіберген жөн

Өсіп келе жатқан баланың ағзасына қосымша дәмтатым аса қажет! Ал кішкентай спортшыларға келетін болсақ, бұл мәселенің өзектілігі арта түседі. Балаға зиянды қытырлақ картоп пен газдалған сусын сатып алмай, пайдалы азық мөлшерін ұстануды қалай үйретуге болады? Оған өзімен бірге дәмді әрі пайдалы дәмтатымдар беріп жіберген жөн!


Баланың рюкзагына оңай сыятын ыңғайлы контейнерлер сатып алыңыз да, оған өзімен бірге мектепке немесе жаттығуға пайдалы дәмтатым беріп жіберіңіз. Ол үшін келесілер керемет жарайды:

1. Бүтін дәнді дақылдар нанынан жасалған бутерброд
Бүтін дәнді дақылдар нанының құрамында жасұнық, дәрумендер және маңызды микроэлементтер бар. Спортшыға ол тоқтық сезімін сыйлап қана қоймай, сонымен қатар қажетті қуат береді. Нанға қыздырып пісірілген етті, пісірілген тауықтың төс етін немесе күркетауық етін салсаңыз болады. Пайдалы сэндвичке авокадоның бір бөлігін, жұмыртқаның бір кесегін және қияр тілімін қосыңыз.

2. Жеміс салаты
Жеміс – жеңіл дәмтатым үшін ең қарапайым және пайдалы нұсқа. Үзіліс кезінде баланың тамақ жеуіне ыңғайлы болуы үшін жемістердің қабығын тазалап, оларды тілімдеп кескен жөн, бірақ олар езіліп кетпеуі үшін тым майдалап турамаңыз.

3. Жеміс пен жаңғақ қосылған сүзбе
Егер бала сүзбені сүйіп жейтін болса, керемет дәмтатым табылды деп есептей беріңіз. Оған шамалы жеміс, жаңғақтар және мейіз қосуға болады. Ал егер баланы сүзбеге үйреткіңіз келсе, бастапқыда дәмді қайнатпа немесе шәрбат қосуға болады. Бірақ тәтті қоспалардан бірте-бірте бас тартқан жөн.

4. Лаваштан жасалған орама
Лаваш – асығып жүріп тамақтануға арналған ең қарапайым және пайдалы нұсқа. Оған кілегейлі ірімшік жағыңыз, көкөніс пен аскөк тураңыз, пісірілген тауық етін немесе күкетауық етін салыңыз.

5. Үйдегідей мюсли батончиктері
Сатып алынатын батончиктердің құрамында зиянды қоспалар көп, сондықтан оларды өзіңіз жасағаныңыз жөн. Бұл – Сіз ойлағаннан анағұрлым оңай.
10 шағын батончик әзірлеу үшін келесілер қажет болады:
• бәрі 10 грамнан – кептірілген өрік, қара өрік, құрма, бадам, орман жаңғағы, кешью жаңғағы және күнбағыс дәндері.
• бір банан
• 10 г құмшекер
• 70 г сұлы үлпегі
• 40 мл өсімдік майы
• төрттен бір шай қасық тұз.

1-қадам. Кептірілген жемістерді (құрма, кептірілген өрік және қара өрік) жуып, қағаз сүлгіде кептіріңіз де, шағын тілімдерге бөліп тураңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

2-қадам. Жаңғақтар мен пістені ұсақтап майдалаңыз.

3-қадам. Блендерде бананды қантпен және тұзбен бірге көпіршітіңіз. Өсімдік майын қосып, қайтадан көпіршітіңіз (бұл қоспа батончикті нығайтып бекітеді).

4-қадам. Жаңғақтарды, кептірілген жемісті және сұлыны араластырып, барлық құрамдастарды банан қоспасына қосыңыз.

5-қадам. Мюслиді балауыздалған қағазға салып, қалыңдығы шамамен 1-1,5 см болатын текшелер жасаңыз.

6-қадам. 10-15 минутқа духовкаға салыңыз.

7-қадам. Суытып алып, дайын батончиктерге бөліңіз.

Дәмтатым дәмді болып қана қоймай, сонымен қатар өте пайдалы болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.