Стейкті қалай дұрыс қуырса болады?

Сүйіктіңе арналған стейк

Ешбір ер адам жақсы дайындалған стейктен бас тартпайтыны анық. Ал оны сүйікті әйелі дайындаса, онда дәмі тіпті ұзақ уақытқа сақталып қалады!


Сондықтан, сұлу да, көрікті әйелдер, стейкті дұрыс қуыруды бірге үйренейік.

Біріншіден, әрине, жақсы етті таңдап алу қажет – бізге сиыр еті қажет болады. Стейктерді көбінесе жон жанбастан сылып алады: жон ет, жұқа және қалың шеті және жамбас еті. Бұл бұлшықеттер аз қозғалады, сондықтан сол жердегі ет жұмсақ, әрі нәзік болады. Жаңа сойылған сиыр еті болса, тіптен жақсы болады. Егер сіз мұздатылған порциялық бөліктерді сатып алсаңыз, онда бұл жерде оларды дұрыс жібіту маңызды болады.

Етті тоңазытқыштың үстіңгі сөресінде 24 сағатқа қалдырып қойып, баяу жібіту қажет, әйтпесе жылдам жібіткенде, мысалы, микротолқынды пеште, стейктің сыртқы қабаты пісе бастайды да, ортасы суық болып қалады. Нәтижесінде етті біркелкі етіп қуыру ойдағыдай шықпайды. Сол себепті етті жылы суда ерітуге болмайды.

Классикалық стейктің қалыңдығы шамамен 2,5 сантиметрге тең келеді. Егер сүйіктіңізді таң қалдырып, оның көзінше кәсіби аспазшы болып көрінгіңіз келсе, онда қалыңдығы 5-6 см стейкті дайындаңыз. Бұл жағдайда сізге көбірек уақыт және түбі өте қалың таба қажет болады. 

Етті қуырмас бұрын оны қағаз майлықпен кептіріп алу қажет. Осылайша жұмыс орныңыз былғанбайды, уақытты ас үйді жинауға емес, сүйіктіңізге көбірек арнай аласыз.

Сонымен, етті біліп алдық. Енді табаны таңдайтын уақыт келді. Күйіп қалмайтын керамикалық жабыны бар гриль таба немесе түбінде арнайы қабырғалары бар шойын ыдыс жақсы болар еді. Табаны жақсылап қыздырып алу қажет. Ол түтіндемей, ыстық болуы тиіс, әйтпесе ет сыртынан күйіп қалып, ал ішінен шикі, әрі қатты болып кетеді.

Стейкке периметрімен орташа ұнтақталған бұрышты себіңіз (егер сізде ұсақ ұнтақталған бұрыш болса, онда стейктің екі жағына бұрыш себіңіз). Тұзды қолмен жаға отырып, екі жағын тұздаңыз. Ұнататын дәмдеуіштерді, мысалы, гүлшетеннен, жебіршөптен және ореганодан жасалған қоспаны себіңіз. Егер шойын табаны қолданатын болсаңыз, стейкті майлап қойыңыз (жержаңғақ немесе зәйтүн майы жақсы болады). Майлау үшін арнайы жаққышты немесе өзіңіз ойлап тапқан, мысалы ақжелкен бұтағынан жасалған жаққышты қолдана аласыз. Табаға май құймаңыз.
Енді стейкті қалауыңызша қуыру қажет.

Орташа қуырылған стейк үшін етті әрбір жағынан қатты отта 3-4 минуттан қуыру қажет.
Стейкті арнайы аспаздық қысқыштармен аудару қажет, етті ешбір жағдайда тесуге болмайды, әйтпесе сөлі шығып, еті қатып кетеді.

Еттің дайын болғанын анықтау үшін аспаздық термометрді қолдануға болады. Стейкті қуырудың үш деңгейі бар: қанмен – 45–50 °C, орташа қуырылған – 55–60 °C және қатты қуырылған – 65–70 °C. Егер сізде термометр болмаса – қамықпаңыз, стейкті саусақ ұшымен басса болғаны. Қаны шығып тұрған стейк өте жұмсақ, ал қатты қуырылғаны – қатты болады.

Ал енді маңызды құпия! Стейкке «демалатын» уақыт керек. Ол үшін табадан түсіріп алып, жұқалтыр жауып, 10 минут тұруына уақыт беру қажет. Осылайша ол хош иісті, сөлді және нәзік болып шығады.

Тамақты бергенде тісі жоқ жақсы қайралған пышақты қолданыңыз, ең жақсысы ыстық тәрелкеде беріңіз.

Гарнирге қасқыржемді пісіріңіз, кілегей қосылған саумалдықты бұқтырыңыз немесе нәзік картоп езбесін дайындап беріңіз. Осы тағамдар стейк дәмін айрықша етеді!
Осындай кешкі астан кейін десерт ретінде сүю жеткілікті болады. Сіздің күйеуіңіз сізге дән риза болып қалады!

Сіз бір кездері стейк қуырып көрдіңіз бе? Оны дайындау құпиялары жөнінде айтып берсеңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс