Тәтті сыйлық: шоколадты помадка

Тәтті сыйлық: шоколадты помадка

Шоколадты кәмпиттер қорабы — өмірдің барлық жағдайына арналған әмбебап сыйлық болғанымен, мұндай сыйлық адамды жалықтырып, көңілден шыға бермейді. Ал егер Сіз өз қолыңызбен тәтті сыйлық әзірлейтін болсаңыз, ол әп-сәтте жоғары бағаланып, көп уақыт бойы есте сақталып қалады. Сіздің назарыңызға шоколадты-зефирлі помадканың қарапайым рецептін ұсынамыз.


Құрамы (4 үлеске арналған):

  • Ақшыл-қоңыр қант — 300 г
  • Тұз — 3 г
  • Сары май — 120 г
  • Зефир немесе пастила  — 700 г
  • Кілегей — 250 мл
  • Сүтті немесе қара шоколад — 500 г
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Әзірлеу әдісі

  1. Қыздырып пісіруге арналған қалыпты дайындаңыз (шамамен 30 х 15 см), оған аспаздық қағазын төсеңіз.
  2. Шағын кәстрөлде қантты, тұзды, сары майды, майдалап туралған зефирді және кілегейді қыздырыңыз. Қант пен зефир ерігенше үздіксіз араластырыңыз.
  3. Қоспаны қыздырып, шағын отта шамамен 5 минут дайындаңыз, бұл ретте үздіксіз араластырып тұруды ұмытпаңыз. 
  4. Оттан түсіріп алып, үгілген шоколад қосыңыз да, біркелкі қоспа болғанша араластырыңыз.
  5. Алдын-ала дайындалған қалыпқа қоспаны құйып, суыту үшін бір түнге қалдырыңыз.
  6. Дайын помадканы шағын шаршы етіп тураңыз да, әдемі қорапқа салып қаптаңыз! Мұндай сыйлық кішкентай тәттіқұмарларға да, ересек тәттіқұмарларға да сөзсіз ұнайды! 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.