Үй жағдайында пісірілген бургер (фото)

Үй бургерлерінің рецепттері

Бургерлерді ересектер де, балалар да жақсы көреді, олар серуенге де, табиғат аясына шыққанда да жақсы тағам түрі болады. Бургерлер қатаң ұстанатын рецепттерінің жоқтығымен жақсы: сіз қалауыңызша қиялыңызға жүгініп, мінсіз нұсқаларды таба аласыз. Үй жағдайында бургерді қалай дайындайтынын білгіңіз келе ме? Біздің рецепттерімізді қолданыңыз. Сізге арнап 5 ең қарапайым, әрі дәмді нұсқаны жинадық.


1. Классикалық чизбургер

Порция саны: 6
Дайындау уақыты: шамамен 20 минут

Құрамы:

• Сиырдың тартылған еті — 900 г
• Ұнтақталған сарымсақ — 1 ас қасық
• Тұз — 1 шай қасық
• Жаңа ұнтақталған қара бұрыш— 1 шай қасық
• Балқытылған ірімшік— 12 тілім
• Күнжіті бар бургерлерге арналған тоқаш — 6 дана
• Домалақтап туралған қызанақ— 12 дана
• Қызыл басты пияз— 12 тілім
• Аз тұздалған қияр — 24 бөлік
• Айсберг салаты — 6 жапырақ
• Кетчуп және майонез — қалауыңызша

Дайындау әдісі:

1. Үлкен ыдысқа тартылған етті, ұсақталған сарымсақты, тұз бен бұрышты араластырыңыз. 
2. 6 бірдей бөлікке бөліңіз және тоқашқа сәйкес өлшеммен жалпақ котлетті пішімге келтіріңіз.
3. Грильді немесе табаны жоғары температураға дейін қыздырып, котлеттерді қызарғанша бір жағынан қуырыңыз.
4. Котлеттерді екінші жағына аударыңыз да, үстінен ірімшіктің екі тілімін қойыңыз. Тағы бір-екі минут қуырыңыз да, оттан алыңыз.
5. Тоқаштарды екі бөлікке бөліңіз, оларға тұздық жағып, арасына барлық салманы салыңыз.  

2. Беконы бар бургер

Порция саны: 4
Дайындау уақыты: шамамен 30 минут

Құрамы:
• Бекон тілімдері — 8 дана
• Сиырдың тартылған еті— 700 г
• Жаңа ұнтақталған қара бұрыш — 2 ас қасық
• Ұнтақталған паприка — 2 шай қасық
• Тұз — 1 шай қасық
• Қызыл пияз — домалақтап туралған 1 пияз
• Авокадо — 1 дана
• Майонез — 125 мл
• Дижо қышасы — 1,5 ас қасық
• Бургерлерге арналған тоқаш— 4 дана


Дайындау әдісі:

1. Тартылған етті паприкамен, қара бұрышпен және тұзбен араластырып, 4 жалпақ котлетті пішімге келтіріп жасаңыз.
2. Котлеттерді екі жағынан 3-4 минут грильде немесе табада қуырыңыз.
3. Домалақтап тураған пияз бен беконды қуырыңыз.
4. Майонез бен қышаны араластырыңыз.
5. Тоқаштарды екі бөлікке кесіңіз және арасына котлетті, беконды, пиязды және авокадо тілімін салыңыз. Қыша мен майонез қоспасын біркелкі етіп жағыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

3. Күркетауық етінен жасалған бургер

Порция саны: 6
Дайындау уақыты: шамамен 30 минут
Құрамы:

• Күркетауықтың тартылған еті— 700 г
• Кептірілген нан ұнтағы— 6 ас қасық
• Кептірілген жебіршөп — 2 шай қасық
• Кептірілген насыбайгүл — 2 шай қасық
• Тұз — 1 шай қасық
• Ұнтақталған қара бұрыш — ½ шай қасық
• Жұмсақ ешкі сүтінен жасалған ірімшік — 6 ас қасық
• Бургерлерге арналған тоқаш— 6 дана

Дайындау әдісі:

1. Тартылған етті, кептірілген нанды, жебіршөпті, насыбайгүлді, тұз бен бұрышты араластырыңыз.
2. Қоспаны 12 бірдей бөлікке бөліңіз де, жалпақ котлет жасаңыз.
3. Тартылған еттен жасалған екі котлет арасына ешкі ірімшігінің 1 ас қасығын жағыңыз.
4. Котлеттерді екі жағынан қуырыңыз.
5. Тоқаштарды екі бөлікке бөліңіз де, олардың ішіне дайын котлеттерді салыңыз.

4. Сиыр еті және қозықұйрық қосылған бургер

Порция саны: 4
Дайындау уақыты: шамамен 30 минут

Құрамы:

• Сиырдың тартылған еті — 500 г
• Қозықұйрық— 300 г
• Пияз — 1 дана.
• Балдыркөк — 2 байлам
• Алма сірке суы — 1,5 шай қасық
• Майонез — 1 ас қасық
• Зәйтүн майы — 1 шай қасық
• Бүтін қыша дәндері – 1 шай қасық
• Тұз бен бұрыш — қалауыңызша
• Бургерлерге арналған тоқаш — 4 дана

Дайындау әдісі:

1.Пияз бен саңырауқұлақты ұсақтап турап алыңыз, оларды тартылған етпен араластырып, тұздаңыз.
2. Тартылған еттен 4 жалпақ котлет жасаңыз да, табада екі жағынан қуырыңыз.
3. Майонезді, сірке суын, майды, қышаны, бір шымшым тұзды және бұрышты араластырыңыз.
4. Тоқаштарды екі бөлікке кесіңіз, олардың арасына котлетті салыңыз, тұздық жағып, туралған балдыркөк себіңіз.

5. Вегетариандық бургер

Порция саны: 5
Дайындау уақыты: шамамен 25 минут

Құрамы:

• Қозықұйрық— 200 г
• Сары май — 2 ас қасық
• Тұз — 1 шай қасық
• Ұнтақталған қара бұрыш — 1 шай қасық
• Қара үрме бұршақ — 450 г
• Кептірілген нан ұнтағы — 2 стақан
• Қызыл пияз — 1 пияз
• Аджика — 2 ас қасық
• Ұнтақталған сарымсақ — 2 шай қасық
• Құрғақ ұсақталған пияз — 2 шай қасық
• Ақжелкен — 1 байлам
• Жұмыртқа — 1 дана
• Бургерлерге арналған тоқаш — 5 дана

Дайындау әдісі:

1. Саңырауқұлақты ұсақтап тураңыз (немесе блендерде ұсақтаңыз).
2. Табаға сары майды ерітіп, саңырауқұлақ қоспасын салыңыз, тұздап, бұрыш қосыңыз да, арасында араластырып отырып, шамамен 10 минут қуырыңыз.
3. Блендерде үрме бұршақты ұсақтаңыз.
4.Саңырауқұлақ қоспасын үрме бұршақпен, кептірілген нанмен, жұмыртқамен, ұсақтап туралған пиязбен және ақжелкенмен, ұнтақталған сарымсақпен, кептірілген пиязбен және аджикамен араластырыңыз.
5. Жасалған қоспадан 5 жалпақ котлетті жасап, қызарғанша күйдірмейтін жабыны бар табада қуырыңыз.
6. Тоқаштарды екі бөлікке бөліңіз, ұнататын тұздықты жағыңыз да, оның ішіне ыстық вегетариандық котлеттерді салыңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс