Балды-қышалы тұздықтағы тауық еті

Балды-қышалы тұздықтағы тауық еті. Фото-рецепт

Әлдебір ерекше, бірақ қарапайым, әрі көп шығын шықпайтын тағамды ойдан шығарғыңыз келеді ме? Балды-қышалы тұздықтағы тауық етін дайындаңыз. Дала қараңғы, әрі суық болғанда, барлық отбасын жылы қарым-қатынаста қосатын кешкі астың әсіресе дәмді және жайлы болғанын қалайсыз. Әлдебір ерекше, бірақ қарапайым, әрі көп шығын шықпайтын тағамды ойдан шығарғыңыз келеді ме? Балды-қышалы тұздықтағы тауық етін дайындаңыз.


Құрамы (порциялар саны 4 адам)

  • Тауық – бір бүтін тауық немесе 4 сан еті
  • Дижон қышасы немесе бүтін дақылды қыша – 4 ас қасық
  • Бал – 2 шай қасық
  • Сарымсақ – 1 бас
  • Картоп – 6 дана
  • Сәбіз – 2 дана
  • Үлкен пияз – 1 дана
  • Зәйтүн майы – 4 ас қасық
  • Тұз бен бұрыш – қалауыңызша
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Духовканы 200˚C дейін қыздырыңыз. Зәйтүн майын, балды, қышаны, сарымсақтың 2 ұсақталған тісшесін, тұз бен бұрышты араластырыңыз.


  2. Тауықты пісіретін ыдысқа салып, дайындалған тұздықпен жағып шығыңыз. Сарымсақтың қалған тісшелерін тауықтың ішіне бүтіндей салып қойыңыз.


  3. Тауықты духовкаға 20 минутқа қойыңыз, бұл уақытта пиязды, картопты және сәбізді турап, кейін оларды тауық салынған ыдысқа салыңыз. Тауық пен көкөністер дайын болғанша ыдысты духовкаға тағы 40 минутқа қойыңыз.


  4. Отбасын дастархан басына шақырып, дәмді кешкі асты тамсана жеңіз!


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.