Рецепт: ашымаған қамырдан бауырсақ

Ашымаған қамырдан бауырсақ: түстікке пісіреміз

Бауырсақ ашымаған қамырдан жасалған майға қуырған кішкентай пончикке ұқсайды. Бауырсақтың кәдімгі рецептін әр әйел өз бетінше өзгерте алады. Ыстық тамаққа әдетте бауырсақты ашымаған қамырдан, ал шайға тәтті етіп дайындайды. Ол жылдам әрі оңай дайындалады, бастасаңыз болды! Бауырсақтың қалай дайындалатынын әлі білмейтін болсаңыз, біз Сізге дәмді бауырсақтың қарапайым рецептін ұсынамыз.


Құрамы (порциялар саны 6 адам)

  • ұн – 2 стақан
  • сүт – 0,5 стақан
  • 1 жұмыртқа
  • сары май – 1 ас қасық
  • ерітілген май – 0,25 стақан
  • бір шымшым тұз
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Ұнды төбешік етіп салыңыз, ортасынан шұңқыр жасаңыз. Оған сүт құйыңыз, жұмыртқаны, ерітілген майды және тұзды қосыңыз. Қамыр илеңіз.


  2. Қамырды қалыңдығы 3-4 мм етіп жайыңыз да, одан кішкентай домалақтар ойып алыңыз.


  3. Қамыр домалақтарды шыжып тұрған майға қуырма ыдыста немесе шұңғыл табада сырты қызарғанша қуырып алыңыз.


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс