Безе қосып пісірілген алма

Меренга қосып пісірілген алма

Меренга немесе безе – десерттерде әшекей ретінде жиі қолданылатын еліктіретін дәмді тәтті тағам. Пісірілген алмадағы меренганы көрейік.


Құрамы (порциялар саны 10 адам)

  • 4 ірі алма
  • 20 г мейіз
  • 50 г балқарағай және грек жаңғақтарының қоспасы
  • 4 ас қасық бал
  • 1 ақуыз
  • 30 г қант ұнтағы
  • Бір шымшым тұз
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Алманы жуып, кептіріп, алманың ортасын түбі қалатындай ойып алыңыз. Пісірген кезде қабықтары жарылып кетпес үшін алмаларға цедра тазартуға арналған арнайы пышақпен тілік жасаңыз. Мейіз бен жаңғақты араластырып, онымен алманы толтырыңыз. Әрбіреуіне ас қасық бал құйыңыз. Пісіруге арналған қалыптарға түбінен 1 см деңгейде су құйыңыз, оған алмаларды қойып, оларды 180 °С температурада 30 минут бойы пісіріңіз. Пісіп жатқан кезде ақуызды біркелкі, жылтыр қоспа шыққанға дейін қант ұнтағымен және тұзбен миксерде жоғары жылдамдықта араластырыңыз. Онымен пішінді бастиегі бар аспаздық қапты толтырыңыз. Духовкадан алмаларды шығарып алыңыз, аспаздық қаптың көмегімен әрбір алмаға шамалы қоспаны сығып, меренга алтын түске боялғанша тағы 5 ─10 минут пісіріңіз. Міне қарапайым, әрі калориясы аз десерт осындай болады.


  2. Ал сіз пісірілген алманың қандай рецептін білесіз?


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс