Даршын қосылған тоқаш рецепті

Даршын қосылған тоқаш рецепті

Даршын қосылған тоқашты дайындау рецептін білгіңіз келе ме? Бізде даршын қосылған ең дәмді тоқаш дайындаудың бір керемет рецепті бар! Жанұяңызды қуантыңыз! Даршын – бұл Шри-Ланкада өсетін және биіктігі 10 м дейін жететін мәңгі жасыл ағаш. Ал барлығына белгілі дәмдеуіш – бұл оның қабығы, ол жұқа қабатпен алынады да, түтікше түрінде оралады


Құрамы (порциялар саны 25 үлес

  • Тоқаш пісіруге арналған ұн – 560 г
  • Қант ұнтағы – 100 г
  • Тұз – 1 г
  • Құрғақ ашытқы – 10 г
  • Жылы сүт – 200 мл
  • Сары май – 100 г
  • Жұмыртқа – 2 дана
  • Салма үшін:
  • Пекан жаңғағы– 80 г
  • Мейіз – 80 г
  • Сары май – 60 г
  • Бал – 30 мл
  • Үгітілген даршын– 15 г
  • Үккіштен өткізілген лимон цедрасы– 5 г
  • Қант ұнтағы – 130 г
  • Қайнаған су– 30 мл
  • Лимон шырыны– 2 мл
  • Безендіру үшін - жалбыз
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Ұнды елеп, оны қантпен, тұзбен және ашытқымен араластырыңыз.


  2. Сары майды ерітіп, оны жылы сүтпен және жұмыртқамен араластырыңыз. Сосын ұнға қосып, араластырыңыз.


  3. Қамырды біркелкі жұмсақ күйге дейін 10 минут бойы илеңіз.


  4. Қамырды терең ыдысқа салып, азықтық үлдірмен бетін жауып, көтерілу үшін шамамен 40 минутқа қалдырып қойыңыз. Ол екі есе көтерілуі тиіс.


  5. Пекан тілімдерін, мейізді, сары майды, балды, даршын мен лимон цедрасын араластырамыз.


  6. Қамырды шамамен 45 х 35 см тіктөртбұрыш етіп жайыңыз. Оның бетіне салманы біркелкі етіп салып, ораңыз. Ораманы 1,5 см-ден тілімдеп кесіңіз де, майланған табаға салыңыз.


  7. Тоқашты духовкаға қоймас бұрын қамыр шамалы көтерілу үшін 10 минутқа қалдырып қойыңыз. Тоқашты 35 минут бойы 180°C температурада, тоқаштар қызарып, алтын түске келмейінше пісіріңіз.


  8. Қант ұнтағын, суды және лимон шырынын араластырып, қоспаны дайын болған тоқаш үстіне құйыңыз. Жалбыз жапырағымен безендіріп, дастарханға қойыңыз. Асыңыз дәмді болсын!


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.