Жаңа жылға арналған печенье

Жаңа жылға арналған печенье

Жаңа жылдық шыршаға арналған әшекей заттары ашық түсті және әдемі болып қана қоймай, сонымен қатар дәмді де бола алады! Келген қонақтар одан бетер қуана қарайтындай шыршаға осындай хош иісті печеньелерді іліп қойыңыз!


Құрамы (порциялар саны 50 үлес

  • Сары май— 250 г
  • Ұн — 600 г
  • Құмшекер — 200 г
  • Үйеңкі шәрбаты — 300 мл
  • Ванильді эссенция — 5 мл
  • Тұз — бір шымшым
  • Бадам — 600 г
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Духовканы 180 °С дейін қыздырыңыз.


  2. Блендермен сары майды, қантты, шәрбатты және ванильді біркелкі қоспа шыққанша араластырыңыз. Оған ұн, тұз және туралған бадамды қосып, жұмсақ қамыр шыққанша араластырыңыз. Дайын қамырды азықтық үлдірмен жауып, тоңазытқышқа 25 минутқа қойып қойыңыз.


  3. Жұмыс бетіне ұн сеуіп, қамырды 5 мм қалыңдықпен жайыңыз. Қалыптармен печенье кесіп алыңыз. Әрбіреуінің жоғарғы жағынан бауға арналған кішкентай тесік жасауды ұмытпаңыз.


  4. Жалпақ қаңылтыр табаға азық қағазын жайып, печеньені тізіп қойыңыз да, қызғылт-қоңырқай болғанша духовкаға 12-15 минутқа салыңыз.


  5. Духовкадан шығарып, суытыңыз. Кейін тесіктен таспа немесе жіп өткізіп, печеньені шыршаға іліп қойыңыз. Бақытты, әрі дәмді Жаңа Жыл тілейміз!


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс