Саңырауқұлақ икрасын қалай жасаса болады

Саңырауқұлақ икрасын қалай жасаса болады

Дәмді саңырауқұлақты тіскебасардың қарапайым, әрі қызық рецептін іздеп жүрсіз бе? Ыстық күйінде де, суықтай да дәмі тіл үйіретін саңырауқұлақ икрасын дайындап көріңіз.Туысқандарыңыздың әлдебіреуі саңырауқұлақ теруге құмар болып, «орман өнімімен» не істеуге болатынын білмей, дал болып отырсыз ба? Дәмді саңырауқұлақ жеңіл тамағының қарапайым, әрі қызық рецептін іздеп жүрген жоқсыз ба? Осындай саңырауқұлақ икрасын дайындап көріңіз. Ол ыстық күйінде де, суықтай да өте дәмді.


Құрамы (порциялар саны 6 адам)

  • Саңырауқұлақ — 700 г
  • Ірі сәбіз — 1 дана
  • Пияз — 1 дана
  • Сарымсақ — 5 тісшесі
  • Ақ құрғақ шарап— 2 ас қасық
  • Қызанақ пастасы— 2 ас қасық
  • Қара бұрыш пен тұз — қалауыңызша
  • Өсімдік майы — 100 мл
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Саңырауқұлақты пісіріңіз.


  2. Пиязды ірілеп турап, оны өсімдік майында қуырып алыңыз.


  3. Саңырауқұлақты, пиязды, сәбізді және сарымсақты ет тартқыштан өткізіңіз.


  4. Жасалған қоспаны табаға салып, оған шарап, қызанақ пастасын, тұз бен бұрышты қосыңыз да, араластырып отырып, қақпағын жауып, бір сағат бойы бұқтырыңыз. Бар-жоғы осы! Осындай икра негізгі тағамдарға қосымша ретінде де тамаша және тіскебасарлардың керемет негізі бола алады.


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс