Саумалдық қосылған жұмыртқа орамасы

Саумалдық қосылған жұмыртқа орамасы

Балаларға пайдалы азықтарды қалай жегізерін білмей жүрсіз бе? Оларды әр түрлі дәмді тағамдарға жасырыңыз! Мысалы, саумалдықты ұнататын адам көп емес, бірақ керемет таңғы астан ешкім бас тарта қоймас!


Құрамы (порциялар саны 4 адам)

  • Жұмыртқа — 6 дана
  • Сүт — 30 мл
  • Сары май — 50 г
  • Тұз — қалауыңызша
  • Пияз — 1 дана
  • Саумалдық — 300 г
  • Саңырауқұлақ — 250 г
  • Сүт — 350 мл
  • Ұн — 50 г
  • Тұз — қалауыңызша
  • Фета ірімшігі — 100 г
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

нұсқаулар

  1. Жұмыртқа орамасын дайындаймыз: жұмыртқа мен сүтті араластырып, қалауымызша тұз қосамыз. Табада сары майды қыздырып, жұмыртқалы-сүтті қоспаның төрттен бір бөлігін құямыз. Дайын болғанын күтеміз, дайындарын тәрелкеге салып, тағы осындай үш «құймақ» пісіреміз.


  2. Салманы дайындаймыз: Терең табада майды қыздырып, ұсақтап туралған пияз бен саңырауқұлақты қуырамыз. Одан кейін ұн қосып араластырамыз. Осыдан кейін сүтті ақырындап құямыз да, тұз қосамыз. Қақпағын жауып, бірнеше минут бойы ақырын отта пісіреміз. Ұсақтап туралған саумалдықты қосып, қайтадан қақпағын жабамыз да, тағы бірнеше минут дайындаймыз.


  3. Әрбір құймаққа салманы салып, текшелеп туралған фета ірімшігін қосып, орама етіп ораймыз. Асыңыз дәмді болсын!


Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс