Ас үйдегі кеңістікті ұйымдастыру

Әйелдің қаперіне: ас үйдегі уақытты үнемдейміз

Тәжірибелі әйелдер жақсы біледі: барлық отбасын тамақтандыру үшін күні бойы газ плитасының маңында айналсоқтау міндет емес. Егер «тұрмыстық машақаттарды» сауатты жоспарлай білсеңіз, тамақ әзірлеуге кететін уақытты бірнеше есе қысқартуға болады.


Ас үйдегі кеңістікті ұйымдастыру. 
Алдымен ас үй керек-жарақтарын ретке келтіріңіз, бір жыл бойы пайдаланылмаған кастрөлдерден, табалардан және өзге де «темірлерден» құтылыңыз. Пышақтардың өткірлігін тексеріңіз: өтпейтін пышақтарды қайрап, ал қайрауға келмейтіндерін лақтырыңыз. Жармалар, тұздықтар, майлар және өзге азық қорлары сақталатын шкафты тазалаңыз. Егер азық-түлік сақталатын құтыларыңыз шыны болса – өте тамаша, ал егер шыны болмаса – олардың бетіне ол құтыда не сақталатынын жазып қоюға ерінбеңіз: сіз бір қарағаннан-ақ қай құтыда қандай заттың тұрғанын білгеніңіз абзал.

Дұрыс азық қорлары. 
Отбасыңыздың рационында көп қолданылатын сақтау мерзімі ұзақ азық-түліктің тізімін дайындаңыз. Ұнды, тұзды, қантты, жармаларды, макарон өнімдерін, консервілерді және әр алуан дәмдеуіштерді мол сатып алған жөн. Бұл «тұзды қайдан алсам?», «қант бітті», «ботқаны неден жасаймын?» және т.б. сол сияқты жағдайлардың туындауына жол бермейді. Нәтижесінде, дүкенге мұқият толтырылған тізіммен барып келсеңіз, бұл қаншама уақытыңызды, әрі күшіңізді үнемдейтінін байқайсыз. Ең бастысы – үнемі тізімге көңіл аударып, барлық қажеттіні сатып алып отыру.


Жоспарлау. 
Отбасыңыздың мәзірін бір аптаға жоспарлаңыз, бір бағанға сатып алуыңыз қажет азық-түлікті енгізіңіз, базарға не супермаркетке баратын кезде осы тізімді ұмытпаңыз. Әрине, тез бұзылатын өнімдер жоқ емес, оларды күнделікті сатып алуға тура келеді, дегенмен, ондай заттарды сатып алу үшін сіз уақытыңызды көп жұмсамайсыз.

Қолдан жасалған жартылай фабрикаттар. 
Мұздатқыш сіздің басты көмекшілеріңіздің біріне айналуы қажет. Мысалы, тауықты пісіретін кезде суын молырақ құйыңыз. Сорпаның қажетті бөлігін кастрөлде қалдырыңыз, ал артығын контейнерге құйып, мұздатқышқа салыңыз. Жақын арада сұйық тамақ жасауға арналған сорпаңыз дайын! Тартылған етті (қандай еттен дайындалғаны маңызды емес: тауық, балық немесе сиыр әлде қой еті) қажетті бөліктерге бөліңіз де мұздатқышқа салыңыз. Қажет кезде шығарыңыз, жібітіңіз – міне ғажап, қажет мөлшердегі котлеттеріңіз дайын. Жалпы кез келген нәрсені мұздатып, қатыруға болады: бәліштер, нан, қамыр, құймақтардың негізі және сорпаға арналған тұздықтардың өзін – осы қарапайым, әрі оңай жүзеге асатын кеңес сіздің қанша уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік беретінін сезінетін боласыз.

Гаджеттер. 
Уақытты үнемдеу ісіндегі тағы аса маңызды мәселелердің бірі – бұл ас үйдің техникалық жасақталуы. Ісіңіз өрге басуы үшін ас үйде міндетті түрде әр алуан саптамалары бар көп функционалды блендер, бірнеше тамақты бір уақытта пісіруге мүмкіндік беретін мультипісіргіш және күюге қарсы берік жабыны бар ыдыс-аяқтың жинағы болуы керек. Ал қысқа толқынды пешті мүлде пайдаланбауға болады: табиғи жолмен жібітілген өнімдердің пайдалы қасиеттері көбірек сақталады. Таңғы асқа арналған ботқаны мультипісіргіште әзірлеуге болады, сол уақытта түскі асыңызды да дайындай беріңіз!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ал Сізде жылдам тамақ әзірлеуге, әрі ас үйдегі уақытты үнемдеуге қатысты құпияңыз бар ма?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.