Ас үйді қалай таза ұстаса болады?

Қонақ күткенде: мінсіз ас үй 15 минутта

Жоспарланған немесе аяқ асты келіп қалған қонақтардың қуантып қана қоймай, сонымен қатар шамалы абдыратып жіберетіні рас. Қандай тамақ дайындасам болады? Дастарханды қайда жаямын? Өзімді және пәтерімді ретке келтіруге қалай үлгерсем болады?


Қонақтар келер алдында ең «ыстық» орын – бұл ас үй. Біріншіден, күнде қолданатын ыдыстан артық ыдыс қажет болады, екіншіден, қонақты қабылдамас бұрын жақсы тамақ дайындайсыз, яғни, тоңазытқыш есігін жиірек ашасыз, духовканы қолданасыз және әлдебір дәмдеуішті алу үшін ас үй шакафының есігін ашып-жабасыз. Ақыры ыстық тамақтар өз кезегін күтуде, салаттар тоңазытқышта тұр, ал ас үй шашылып қалады, оны жинайтын уақыт та болмайды.

 

Егер әрекет ету тәртібін білсе және жуу мен жинауға арналған сапалы құралдарды қолданса, ас үйдегі тазалықты 15 минутта қалпына келтіруге болады. Уақытты белгілейміз.

 

Ас үйді жинау неден басталады? Ең сынға алынатын орындар – үстел үстіндегі тақтайша, плита, шкаф пен тоңазытқыш есіктері және, әрине, еден.

 

Шүберекті шайып, шкафтардың, духовканың, тоңазытқыштың есіктерін жылдам сүртеміз. Бұған 7 минут уақытымыз кетті. Тамаша! Ас үйді жинауды жалғастырамыз.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Шұңғылша мен кранды шайып, тазалаймыз – 3 минут.

 

Енді еден қалды. Ас үйдегі еден – әдетте плита немесе линолеум төселген болады. Суға толы шелекке, pH формуласы плитааралық тігістерді зақымдамайтын және жаңа емес линолеумды жарқыратуға көмектесетін, кез келген беттерді тап-таза етіп тазартатын Mr. Proper құралын шамалы қосамыз. Бұған 5 минут уақыт қажет.

 

15 минут өтті, ас үйдегі тазалық мұнтаздай.

 

Ең басты кеңес – шамалы демалуға және қонақтар келер алдында өзіңізді ретке келтіруге уақыт қалған жағдайда ғана ас үйді тәртіпке келтіруге болады. Олай болмаған жағдайда, әрдайым ас үйдегі есікті жауып немесе қолданған ыдысты шұңғылшаға жинап қойып, үстелді сүртуге болады. Қонақтар әдетте осындай шашылған түрді байқамайды, олар үй иесінің көңіліне және жайылған дастарханына назар аударады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс