Аяқ киімді сақтау. Пайдалы кеңестер

Аяқ киімді қалай сақтау қажет

Аяқ киімді қалай дұрыс сақтау керектігін түсіну үшін, ең алдымен, оған не зиян келтіретінін анықтап алуымыз керек, яғни оны қалай сақтамау қажет екенін білуіміз қажет.


Сіздің сүйікті туфлиіңіз бен етігіңіздің басты жауы тікелей күн сәулесі екенін білгеніңіз жөн, өйткені ультракүлгін сәулелер тотығу реакциясын катализдейді, әсіресе бұл полимерлі материалдарға қатысты. Екінші жағынан, ылғалды климат ағылшын қыздарының терісіне жақсы әсер еткенімен, аяқ киім үшін, тіпті табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім үшін жоғары ылғалдылық ешқандай пайда тигізбейтіні айтпаса да түсінікті.

Сондықтан, киілмейтін аяқ киімді құрғақ, әрі қараңғы жерде сақтаған жөн. Ешбір жағдайда оларды полиэтилен пакеттерге салуға болмайды. Аяқ киімді дұрыс сақтаудың міндетті шарттарының бірі – аз да болса ауа айналымының болуы.
Аяқ киімді келесі маусымға дейін сақтауға алып қоюдың алдында, міндетті түрде аяқ киімнің ішін, әрі сыртын жақсылап жуып, сүртіп, күтуге және дезинфекциялауға арналған арнайы құралдармен майлау қажет.

Лакталған аяқ киімге ең дұрысы кергіш салу керек, ал ондай зат табылмаса, аяқ киімнің ішін тым болмаса қағаз бен газеттерге толтырыңыз. Бұл аяқ киім пішімінің өзгеруіне жол бермейді.

Келесі маңызды мәселе – аяқ киім салатын шкафты таңдау. Интерьердің бір бөлігін құрайтын бұл зат алуан түрлі болуы мүмкін – ілгіштің астында тұратын аяқтары бар қарапайым сөре немесе дизайнерлік аяқ киім «ағашы» болуы мүмкін.

Аяқ киімді көпшіліктің назарына ұсынып, көрсетіп қою не болмаса шкаф есіктерінің артына тығып қою – үй иесінің қалауына байланысты.
Тік өкшесі бар әдемі туфли тек кию үшін ғана емес, пәтер декорының сәнді затына да айналуы мүмкін. Соңғы кездері кіреберістің интерьерінде тік өкшесі бар аяқ киімді іліп қоюға арналған арнайы ілмектер кездеседі. Егер көп ақша жұмсағыңыз келмесе, қабырғадан он сантиметр аралықта жіңішке штанганы бұрап бекітіп қоюға болады. Ашық түске боялған ең қарапайым баспалдақ – тың дизайнерлік шешім болмақ. Оған тек туфлиді ғана емес, мойын орауыштарды да іліп қоюға болады.


Матадан тігілген аспалы сөре үй шәркелерін жинау үшін таптырмас құрал болмақ. Кеңістікті үнемдеу мақсатында оны есікке іліп қоюға болады.

Жинақылығының есебінен шкаф-слимдер үлкен танымалдылыққа ие болуда. Аяқ киім онда тігінен сақталады, алайда есікті тартқан кезде аяқ киім көлденең тұрады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз


Аяқ киім сақтауға арналған арнайы бөлімдер барлық дерлік шкаф-купелерде қарастырылған. Дегенмен, олар болмаса, аяқ киімнің қораптарын-ақ пайдалануға болады. Егер сіз аяқ киім қоймасын жайластыру үшін біраз ақша бөлуге дайын болсаңыз, қай аяқ киім қай қорапқа салынғанын көруге мүмкіндік беретін мөлдір кірістірмесі бар қораптар тамаша шешім болмақ.


Ал Сіз аяқ киімді сақтау мәселесін қалай шешесіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.