Ескі тұсқағаздармен не істеуге болады: тұсқағаздан жасалған сыйлық орамасы және  қораптар

Ескі тұсқағаздармен не істеуге болады?

Қалдықтарды қоймаға апаруға асықпаңыз, «артық» тұсқағаздарға ермек болатын және айтарлықтай күтпеген қолданыс табуға болады.


Қанша ұқыпты да, шаруақор үй иесі болсаңыз да, жөндеу жұмысынан кейін сізде қажетсіз тұсқағаздар қалары сөзсіз. Олар өз арнауымен қолдануға енді келмейді, ал тастауға шынымен қолың бармайды.

 

Қабырғаға арналған әшекей заттар

Егер сізде көз тартарлық геометриялық  суреті бар немесе басқа бөлменің не дәліздің қабырға түсіне қатысты қарапайым контрастты тұсқағаздар қалып қойса, солардан көз тартарлық интерьерлік суретті жасауға болады. Суретті жасау үшін қатты картон, желім және жиектеме қажет болады. Тұсқағаздар (бірнеше түрлерден коллаж жасауға болады) картонға жабыстырылады, ол өз кезегінде жиектемеге салынып, қабырғаға ілінеді. Көз тартатын, бастысы – эксклюзивті жұмыс дайын! Фактурасы мен оюлары бойынша тұсқағаз түрлерінің бірнеше әр түрін іске қосатын болса, бүтіндей арт-композицияны жасауға болады: екі бірдей шеті бар үш панно (оларға жиектеме қажет емес, тек желім мен картон қажет), ал ортасында басқа өрнек. Айтпақшы, осылайша қымбат қонақүйлерде интерьерді безендіреді – бүгінгі таңда бұл ең нағыз тренд. Қажет емес тұсқағаздардан айрықша коллаж жасауға болады: мысалы, бөліктерден сүйкімді иттің немесе ұзын мойынды керіктің бейнесін құрып, картонның бетіне жабыстырып, бала бөлмесіндегі қабырғаның біріне жабыстыруға болады.

 

Сыйлықтар салатын қораптар мен қаптама.

Бүгінгі таңда өте танымал қолөнер түрі, скрапбукинг, қағазбен жұмыс істеуге арналған көптеген идеялар ұсынады. Интернетте қарапайым және күрделі үлгілерді табуға болады, оның көмегімен түрлі сыйлық қаптамаларын: кішкентай және үлкен қораптарды, қызықты банка-цилиндрлерді, әшекей бұйымдарын салатын қобдишаларды, романтикалық конверттерді және мысалға, өзіндік пакеттерді оңай жасауға болады. Әрине, сізге арнайы скрап-қағаз керек емес, сізде осындай шығармашылыққа тұсқағаздар бар. Винилды тұсқағаздармен жұмыс біршама ұзағырақ болады – олар өте тығыз. Жасалған қаптаманы ескі моншақтармен, түймелермен, стразалармен немесе мысалы, басқа түстегі тұсқағаздардан жасалған коллажбен безендіруге болады. Кәдімгі қораптарды, мысалы, тұрмыстық техникадан немесе аяқ киімнен шыққан қораптарды тұсқағаздармен жабыстыруға болады. Бұл қарапайым, әрі мүлдем еңбекті көп қажетсінбейтін шаруа кәдімгі қораптарды интерьерде мінсіз жарасып қалатын, сақтауға арналған стильді контейнерлерге айналдырып жібереді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Интерьер ұсақ-түйектері

 

Негізгі бөлме бұйымдарымен үйлесетін немесе керісінше түсіне контраст болатын тұсқағаздармен бөлме аралық есіктерді және кез келген жиһаздың сыртын және ішін сәндеуге болады. Еңбектенуді көп қажет ететін, бірақ көз тартарлық нұсқа – бұл ескі кішкене шкафты декупаждау. Бұрынғы бояуын тазартып, бетін толығымен қырып тастаңыз, одан кейін қара реңк көрінбейтіндей ақ түсті бояумен оны қалың етіп бояңыз. Бірінші кезең осымен аяқталды. Енді декор элементтерінің қалай және қай жеріне жабыстырылатынын анықтау қажет: тұсқағаздарды ромб түрінде немесе сурет контурымен кесіп алуға болады. Шешіп алдыңыз ба? Тамаша! Тұсқағаздардан қалған бос орындарды қандай түске бояйтыныңызды таңдау қажет, оны жағып болған соң ғана жабыстыруды бастаңыз. Барлық боялған, сурет салынған және жабыстырылған жерлер кепкенде кішкене шкафты лакпен әрлеңіз.

Маңызды кеңес: декупаж үшін винилды тұсқағаздарды қолданатын болсаңыз, оларды негізінен ажыратып алып, жұмысқа тек үстіңгі жағын (өрнегі бар қабатын) қолдану қажет.

 

Тұсқағаздар қалдықтарын қолдану идеясы сізді шабыттандырды ма? Оны жүзеге асырып көресіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Мәтін қызықты, бірақ мәтінге сәйкес бірде бір сурет жоқ. Қазіргі заманда суретпен толықтырылмаған мәтінді қабылдау өте қиын.

  • Шағымдану

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс