Ас үй фэн-шуй ілімі бойынша

Ас үй фэн-шуй ілімі бойынша

Әйелдер үшін үйдегі қай жер ең маңызды болып табылады? Әрине, ас үй! Бұл жерде отбасы жиналады, маңызды шешімдер қабылданады және әр түрлі тақырыпта әңгімелер өрбиді. Үйлесімді өмір туралы ежелгі Қытай ғылымы – Фэн-шуй іліміне сәйкес ас үйдің дизайнына мол жауапкершілікпен қарау керек, өйткені дәл осы жерде үйдің барлығына тарайтын оң «ци» энергиясы туындайды.


Орналасу. Мүмкіндігінше ас үйді басқа бөлмелерден оқшаулаңыз, ас үй кіретін есікке қарама-қарсы, сонымен қатар дәретхана мен жуынатын бөлменің жанында орналаспауы қажет. Егер бұл шарттарды орындау мүмкін болмаса, онда ас үйдің есігі үнемі жабық тұруын қадағалаңыз және есікке фэн-шуйдың қорғау тұмарларының бірін іліп қойыңыз: ақ кристалл немесе «жаңбыр әуені».

Түстер. Ас үйге ақ, жасыл және қоңыр түстер үйлеседі, ал қызыл, қара және көк түстердің реңктерін фэн-шуй идеологтары ас үй үшін тым өрескел деп есептейді.

Бос кеңістік. Фэн-шуй бойынша ас үйде бос кеңістік көп болуы қажет, әйтпесе ци оң энергиясы бөлме ішінде толыққанды айналып жүре алмайды. Ыдыс-аяқты шкафтың ішіне салыңыз, стол бетінде ас үйлік аспаптарды қалдырмаңыз (әсіресе пышақтарды), орындықтың және еден бетіндегі жәшіктердің санын барынша азайтыңыз – жалпы алғанда, барынша мол кеңістікті қамтамасыз етіңіз. Бөлмені жиі желдетіп тұруды ұмытпаңыз: ци энергиясына таза ауа да бос кеңістік сияқты өте қажет. Егер мүмкіндік болса, тым болмаса визуалды түрде (мысалы, ағаш тақтайшалардан жасалған шымылдықтардың немесе кәдімгі перденің көмегімен) ас үйді аймақтарға бөліңіз: бір аймақта сіз ас әзірлейсіз, басқа аймақта тамақтанасыз, әрі қонақтарыңызды қарсы аласыз.

Плита. Плитаны бұрышқа немесе терезенің жанына қоюға болмайды (сіздің әл-ауқатыңыз терезеден ұшып кетеді дегенді білдіреді), ең тамаша орын – ас үйдің оң жақ қабырғасы. Айта кетейік, қытайлықтар отбасының ауқаттылығы конфоркалардың санына тікелей байланысты деп есептейді: олар көп болған сайын, үй де берекеге толы болады. Егер плитаның үстіне айна іліп қойса, оның бейнесі конфоркалардың санын екі еселейді, бұл сәйкесінше, үйдің дәулетін арттырады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Шұңғылша. Металл стихиясы зиян энергияны жояды, сондықтан фэн-шуй шеберлері ас үй үшін тот баспайтын болаттан жасалған шұңғылшаны таңдауға кеңес береді. Шұңғылша плитаның жанында тұрмауы тиіс: осы заттарды білдіретін су мен от стихиялары бір-бірімен қақтығысқа түседі, ас үй иелеріне тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Шүмектерге үлкен мән беріңіз: тамып тұрған су отбасының дәулетіне қауіп төндіреді!

Тоңазытқыш. Бұл агрегатты ас үйдің оңтүстік-шығыс немесе оңтүстік-батыс жағында орнатқан абзал. Ал оны оң жақтағы қабырғаға қойған дұрыс емес: азық-түлік жылдам бұзылатын болады, оған қоса сіздің тәбетіңіз кенеттен жоғалып кетуі мүмкін.

Маңызды ұсақ-түйектер. Пердеңіз ашық түсті, әрі жұқа болуы тиіс – қалың мата үйіңізге ци энергиясының енуіне кедергі болады. Терезе алдына жиі гүлдейтін гүлдерді отырғызған дұрыс – бұл оң энергияның келуіне себепкер болады. Ас үйіңізде ағаштан жасалған бұйымдар немесе панелдер көп болғаны абзал: ағаш су мен от стихиясын күшейтіп, кеңістікті үйлесімді етуге көмектеседі. Барлық шағылған немесе аздап жарылған заттардан бірден құтылуға тырысу керек: олар үйіңізге қайғы алып келуі мүмкін. Ескі ыдысыңызды аямаңыз: көбірек берсеңіз, нәтижесінде көбірек аласыз! Ас үстелінің үстіне жеміс-жидектер салынған вазаны қоюды ұмытпаңыз – бұл қытай философиясында берекелі, әрі ауқатты үйді білдіреді.

Соңында айтарымыз, фэн-шуй идеологтары плитаның жанына Цао Вань – ас үй құдайының мүсінін қоюға кеңес береді – бұл жағдайда тек ас үйде ғана емес, үйіңіздің барлық жерінде бірлік, қуаныш және бір-біріңізге деген сенім үстемдік етеді! 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс