Жүн және кашемир киімді қалай жуады?

Жүн мен кашемир бұйымдарды жуамыз

Далада минус температура тұрақты орнығып, шкафтан жылы тоқыма киімді шығарып киетін кез келді.


Далада минус температура тұрақты орнығып, шкафтан жылы тоқыма киімді шығарып киетін кез келді. Ал егер оны кие бастасақ, жүннен тоқылған киім күтімді де қажет етеді. Дала суық, үй-жай іші ыстық, сіз терлейсіз, оған қоса жүн иістерді молынан сіңіреді, олардың барлығы жағымды бола бермейді, мысалы – темекі иісі.

Жүннен тоқылған киімді жуу: өндірушінің затбелгісін мұқият қарап шығыңыз, онда жуу бойынша нұсқаулар көрсетілген. Әдетте ол химиялық тазалау немесе қолмен жуу. Дегенмен, қазіргі кір жуғыш машиналардың көбінде «қолмен жуу» режимі және «жүнді жуу» режимі бар.

Жүннен тоқылған киімді жуудағы негізгі мәселе – бұйым кішірейіп қалуы немесе пішінін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан әйелдердің көбі бір рет сәтсіз жуу нәтижесінде затты лақтыру қажет болатынын біліп, арзанға түспейтін жүннен тоқылған киімді сатып алуға сескенеді. Бірақ, нарықта түсі мен пішінін сақтауға көмектесетін ұқыптап жууға арналған арнайы құралдардың (мысалы, Dreft) пайда болғанынан кейін тоқыма киім үшін алаңдамаса да болады. Кір жуу машинасында 30 градустан аспайтын температураны белгілеп, кір жуу ұнтағының орнына осындай құралды пайдаланып, затты арнайы қапшыққа салып жуу жеткілікті.

 Киімді машинадан алып шығып, оны шұңғылшаға салыңыз да, артық суы ағып кеткенше күтіңіз, сүлгімен аздап сорғытып алыңыз да, көлденең бетке ұқыптап жайып қойыңыз. Жүн киімді жылыту батареясына жайып немесе кір жуу машинасының кептіргішінде кептірмеңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Кашемир свитерлер. Кашемирді тек қолмен ғана жууға болады деген пікір кеңінен тараған. Дегенмен, сапалы кашемирді, нәзік маталарды ұқыптап жууға арналған құралдарды, мысалы, Dreft гельді пайдалана отырып, кір жуу машинасында да жууға болады.

Қара түсті жүннен тоқылған бұйымдар. Жуу барысында қара түсті жүн киімнің оңып кетуі және ең жаманы – бір-бірін бояп тастауы мүмкін. Бұрын оны болдырмау үшін кір жуғанда сірке суының әлсіз ерітіндісі пайдаланылған, қазір бұның барлығы әлдеқайда оңай: оңып кетуден қорғап қана қоймай, киім пішінін сақтап, оны жұмсағырақ етуге көмектесетін, қара түсті заттарды ұқыптап жууға арналған арнайы гельдер бар.

Балалар киімі. Балалардың қолғаптары мен бас киімдері тез-ақ былғанады, оларды әр серуеннен кейін дерлік жуып отыру қажет. Бұндай жүннен тоқылған киімнің күтімін арнайы жуу құралдары орындай алады. Олар киімді қалауыңызша жиі жууға мүмкіндік беріп, теріні тітіркендірмейді.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.