box

Мейрамнан кейін барлығын ретке келтіреміз

Жаңа жылдық мейрамдар өтті, енді үйді ретке келтіретін кез келді, әйтпесе жағдай мына бір күлкілі әңгімедегідей болмай ма: «Мамыр мейрамдары – бәрі қыдырып жүр, ал әйелі күйеуіне: «Шыршаны шығар!» деп ұрсып жүр». Осыны жылдам, оңай, әрі ауыртпай істеуге болатын бірнеше қарапайым кеңес.


«Қош бол шырша! Бір жылдан кейін кездескенше!»

Шыршаны жинағанда әрдайым көңілсіздеу боласың, оны кеше ғана әрлеген сияқты болып көрінеді. Сондықтан бұны тезірек жасап, бітіргің келеді. Келесі жылы шатасқан гирляндалары, жылтырақтар мен ойыншықтары бар қорапты қайта алғыңыз келмейтін шығар, сірә. Сондықтан көңіл көтеру үшін көңілді әуенді қосып, барлығын ұқыптап  әр түрлі қораптарға салыңыз. Кішкентай шариктер үшін жұмыртқа салатын қаптаманы пайдалануға болады, ал жылтырақтар үшін чипстердің биік тубустары да жарайды. Түрлі түсті жыпылықтайтын гирляндалар бір секундта шатаса кетеді – бір қарасаң шатасып жатады. Келесі жылы уақытты бостан босқа өткізгіңіз келмесе, оларды қағаз орамалдың картон цилиндріне орап көріңіз. Шағылған және жарылған ойыншықтарды лақтырып тастаған жөн.

Жаңа жылдық безендіретін заттары бар қораптарды жылына бір рет қана ашамыз. Сондықтан ол – ішіне қандай да бір тосын сыйды тығып қойып, ұмытып кететіндей жақсы орын! Мысалы, өзіңізге жазған хат. Алдағы жылдан не күтетініңізді жазып қойыңыз да, кейін не орындалғанын салыстырып көресіз.

Сыйлықтарды түгендеу

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бала кезімізде біз не қаласақ, соны сыйласа екен деген ниетпен Аяз Атаға хат жазатынбыз. Барлық туысқандарға осындай хат жаза алмайтының өкінішті-ақ. Ақыры мейрамнан кейін бізде келген жылдың символы бар фигуралар, шамдар және өзге де ұсақ-түйектің толық коллекциясы жиналатын. Үйіңізді кәдесый дүкеніне айналдырмаңыз. Шамдарды дереу қолдана беріңіз немесе достарыңызға сыйлаңыз, ал фигураларды шырша ойыншықтарымен бірге қорапқа тығып қоюға болады.

Үлкен тазалық жұмысы

Тірі шырша Жаңа жылда мейрамның керемет атмосферасын жасайды. Бірақ бір қиын шаруа бар – барлық жерде шырша инелері шашылып жатады. Сондықтан барлық ойыншықтарды алып тастап, шыршаны шығарғаннан кейін үйде үлкен тазалық жұмысын жасаңыз, еден мен дивандарды мұқият жуып, шаңсорғышпен сорып алыңыз. Әсіресе, егер кішкентай балаңыз бар болса.

Мейрам бітті екен деп қамықпаңыз, жақын арада жаңа мейрамдар басталады!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.