Пәтерді күнде тазалау: ең бастысы не?

Апта сайынғы үй тазалау: ескеретін 6 кеңес

Демалыс күндердегі үй жинау көп уақытты алады. Оған кететін уақытты қалай қысқартуға болатынын айтып береміз.


Демалыс күндері жанға жайлы бір істермен айналысқың келеді. Бірақ көптеген әйелдер үшін сенбі мен жексенбі – үй жинау күні.

 

Демалыс күндері үй жинау көп уақытты алады. Оған кететін уақытты қалай қысқартуға болатынын айтып береміз. Өзіңізге мәңгілік шешуге тиіс болатын тазалауға қатысты бірнеше негізгі тармақтар бар. Кез келген істі алдымен ұйымдастыру керек. Өз уақытыңызды ұйымдастырыңыз!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  1. «Бүгін жасайтын істі ертеңге қалдырмаңыз!» Апта бойы шұңғылшаға ыдысты үйе бермеңіз, заттарды қолданғаннан кейін өз орындарына қойыңыз. Шынайылыққа көзқарасыңызды мерзімді түрде қайта қарастыру керек.
  2. Ваннаны қашан жуатыныңызды, қашан шаң сорып, қашан киім үтіктейтініңізді анықтап алыңыз, бұған белгілі бір уақытты бөліп, әрдайым кестеге сәйкес жасаңыз.
  3. Шкафта тазалауға арналған керек-жарақтар жататын орынды бөліп қойыңыз. Қажетті құралды іздеуге алтын уақытыңызды кетірмес үшін тазалайтын құралдарды санат бойынша сұрыптап қойыңыз.
  4. Тазалауды ұйымдастыруға «тиімді менеджмент» те жатады. Отбасы мүшелері арасында міндеттерді бөліп беріңіз, берілген тапсырмалар белгілі бір уақытта орындалуы тиіс. Балалардың тазалау жұмыстарына деген қызығушылығын және үйді жинауға көмектесу ниетін тудыратындай кішкентай сыйлықтарды беріп тұру қажет.
  5. Жұмысты оңтайландырыңыз. Қуаты күшті шаңсорғышты сатып алыңыз – кілемнің бір жерін бірнеше рет сорып тұрудың қажеті жоқ.
  6. Әдісті пайдаланыңыз: тазалау жұмыстары есіктен басталады, одан кейін төбеден еденге дейін айнала кетеді. Осылай бөлменің бір де бір жерін қалдырмайсыз да, бір жерді екі рет жумайтын боласыз.

 

Енді демалыс күндеріңіз тазалау жұмыстарына айналмайтын болады!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс