Шкафтағы ескі заттардан қалай құтылуға болады?

Ескі заттардан қалай құтылуға болады

Үйіңізде толып тұрған ескі, әрі қажет емес заттардан құтылудың жолын білгіңіз келеді ме? Біз сізге шкафыңыз бен ас үйіңізді қалай ретке келтіруге болатынын айтып береміз. Бірнеше қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз.


Заттар уақыт өте жинала береді, сөйтіп, үйде бос орындар азаяды. «Мүмкін қажеті болып қалар», — деп ойлап, біз ескі киімді, ыдыс-аяқты, журналдарды, бижутерияны және өзге де өте «қажет» заттарды лақтыруға қимай, жинай береміз. Ал содан кейін жылдар бойы оларды пайдаланбай, ненің қайда жатқанын ұмытып қаламыз. Үйімізде бос орын көп болса, бөлмеміздің де ауасы кеңейіп, үйді тазалықта ұстау оңай болар еді.

Нақты шешімге келіп, ешкімге қажет емес ескі-құсқы заттардан құтылуға бел байладыңыз ба? Біздің кеңестерімізге құлақ түріңіз.

Шкафты қалай реттеуге болады
Әйелдердің бір құпия қағидасы бар — бір жылдың ішінде кимесең, ешқашан кимейсің. Әрине, бұл айрықша бір жағдайда киілетін салтанатты киімге қатысты емес. Келешекте сыйып қалады деген сүйікті джинсы шалбарыңызды қалдыруыңызға болады. Ал қалған заттарыңызға келетін болсақ, кимеймін деп шешкен көйлектеріңіз бен кофталарыңызды бөлек пакетке салыңыз. Бұл жағдайда киіміңізді бірден мүлдем киюге болмайтын және басқа біреуге беруге болатын етіп бөлек жинаңыз. Олармен не істеу қажет? Жақсы, әрі қымбат заттарды ғаламтор арқылы сатуға болады – сату мәселесін көптеген арнайы сайттар арқылы шешіңіз, қалғандарын балалар үйіне беруге немесе қоқыс жәшігінің қасында тастап кетуге болады. Не болмаса саяжайға апарып тастаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ас үйді қалай ретке келтіруге болады
Егер өнер туындысы болмаса, шағылған ыдысты қаймықпай тастаңыз. Қымбат әдемі сервиздерді мейрамдарда ғана қолданып, күнделікті көңіліңізді түсіретін ескі ыдыстан тамақ ішу дұрыс емес. Әрбір күніңіз шағын мереке болуы тиіс. Тамақ сақталатын сөрелерді күнде тазалап отыру қажет. Ұзақ сақталған дәмдеуіштер мен жармаларда уақыт өте зиянкестер пайда болуы мүмкін.

Жуынатын бөлмені және дәрі қобдишасын қалай тазалау керек
Жуынатын бөлмедегі сөрелерде ондаған құтылар, сықпалар жиналып қалады. Біреулерінің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, ал қалғандары бітуге шақ қалған, ал біз олармен қоштасуға асықпаймыз. Тек қажеттісін қалдырып, қалған барлығын еш кідірместен лақтырыңыз. Бұл дәрі қобдишаларына да қатысты. Дәрілердің жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін үнемі тексеріп отыру қажет.

Біздің қарапайым кеңестеріміз сізге еркін тыныс алуға көмектеседі деп сенеміз. Осылай бір рет істеп көрсеңіз, артық ештеңе сақтамағанның қандай жақсы екенін түсінесіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс