Үйді жинай жүріп арықтауға бола ма?

Физикалық еңбек ету спорттың баламасы ретінде!

Арықтап, денеге жаңа тонусты және шымырлықты беру үшін спортпен шұғылданғыңыз келеді, ал үй шаруалары өте көп уақыт алады ма? Жанға жайлы нәрсені пайдалысымен үйлестіріңіз!


Үйді жинастыра немесе бақшаны жайғастыра отырып, бір орында отырмаймыз ғой, керісінше белгілі бір физикалық дене жаттығуларын жасаймыз. Пәтерді жинағанда қаншама калориядан арылып жатқанымызды ойладыңыз ба? Біздің мысалдарымызды оқи отырып, өз үйіңіз бен саябағыңызға: тұрған орны ретінде ғана емес, сондай-ақ, шағын тренажер залы ретінде жаңа көзқараспен қарайтын шығарсыз!

 

Үйді жинағанда қанша килокалория жоғалтасыз:

 

Үтіктеу = сағатына 115 ккал

Төсек орын тысын үтіктейін бе, үтіктемейін бе? Әрине, үтіктеңіз! Үтікті қолдан қолға ауыстырып ұстаңыз, бұл жүктемені біркелкі бөлуге көмектеседі.

 

Шаң сүрту = сағатына 175 ккал

Шаң сүртуге кардиожаттығу ретінде қарайтын болсаңыз, ең биік сөрелер мен шкафтарды сүртуді  ұнататын боласыз. Бір орында тұрмауға тырысыңыз, керісінше, пәтерде шаң жерлерді іздестіріп белсенді жүріңіз!


Терезе жуу = сағатына 180 ккал

Терезенің кірін ғана емес, денеңіздің артық салмағын да кетіріп жатқаныңызды елестетіңіз. Сондықтан ерінбей, қолмен белсенді түрде жұмыс істеңіз!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Едендегі шаңды сору = сағатына 200 ккал

Үйді жинастыра отырып, арықтауға бола ма? Әрине, болады! Қолға шаңсорғышты жиі ұстап, барлық бұрыштағы шаңдарды сорып алу үшін ерінбей жиһазды жылжытып, орын ауыстырыңыз. Сондай-ақ, төсек пен диван астындағы шаңды сору үшін белсенді түрде отырып тұрыңыз.

 

Бақшаны түптеу = сағатына 285 ккал

Шөпті түптей тұрып, бақшаның бойымен жүргенде бақшаңыз ғана емес, сіздің денеңіз де әдемілене түседі! Бірақ аяғыңыз ұйып, омыртқаңыз талып кетпеуін қадағалаңыз. Бір орында бір қалыпта тым ұзақ отырмаңыз.

 

Үй жинауды бірнеше минут керілумен аяқтауға болады!

 

Енді үйді жинағанда қанша калория жойылатынын біле отырып, үй шаруаларына ынтамен араласатын боласыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс