Балалы үйді таза күйінде қалай ұстауға болады?

Қонақ бөлмедегі тәртіпті қалай қолға алса болады?

Үйіңіздің түрлі бөлмелері ішіндегі заттарды сақтау бойынша түрлі идеяны қажет етеді. Өкінішке орай, балалар үйдің астан-кестенін шығарғанда, кез келген әйелдің оған күші жете бермейді. Тәртіпсіз заттарға қалай билік жүргізуге болатыны бойынша бірнеше кеңес.


Сандық алыңыз. Оны бір бұрышқа немесе эркерге дәлдеп, өз қолыңызбен жасауыңыз екіталай. Сондықтан сатып алсаңыз болады. Сандық – данышпанның ойлап тапқаны. Бір жағынан, түрлі ескі-құсқыны салып қоюға болатын біраз кеңістік және тәртіпсіздікпен күрес құралы, ал үстіне көрпе төсеп қойсаңыз, қосымша отыратын орын дайын, көрпені алып тастаңыз – алдыңызда гүл не шамшырақ қоятын тумба. Қазір дүкендерден сандық табу оңайдың оңайы. Интерьер дүкендерінде салтанатты, былғарымен қапталғанын, антикварлық дүкенде – винтажды, апамыздың сандығын, ИКЕА дүкенінде – интерьерге сай оңай бояп алуға болатын қарапайым, ағаштан жасалғанын табуға болады.

Шкаф таңдаңыз. Әрине, сөрелер немесе стеллаждар одан ашық, онда тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Затқа толы сөрелер қонақ бөлмесінің кеңістігін қараған көз үшін кішірейтіп тұрады. Егер сіз сонда да олардан бас тарта алмасаңыз, жабық бөлімдерімен қатар ашық сөрелері бар шкафты таңдаңыз. Оны альковқа немесе бұрышқа қоюға болады. Ал егер орын аз болса, тапсырыспен жасалатын шкаф туралы ойлап көріңіз.

Ойыншықтарға арналған себет. Егер балалар үйде бір сәт бір орында отыра алмаса және күні кеш бөлмеңізді үйдегі барлық ойыншықтың соғыс майданына айналдырып жіберсе, бір бұрышта ойыншыққа арналған аспалы, ұзыншақ, торлы себет орналастырыңыз. Оның көмегімен асыққанның өзінде жағдайды өз бақылауыңызда ұстай аласыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.