Үйді жылдам жиыстырудың құпиялары: шаршамай жиыстыру амалдары

Жылдам жиыстыру құпиялары (үйдегі тазалықты көп уақыт жұмсамай қалай сақтауға болады)

Әрқашан үйде тазалық, жайлылық, әдемілік орнығып, қонақты күтуге дайын болғаны қандай жақсы. Десек те, бос уақытыңның бәрін жиыстыру ісіне шығын қылуды қаламайтының белгілі! Әсіресе, көктем келген кезде уақытыңның басым бөлігін жақын адамдармен бірге далада өткізгенге не жетсін!


Мұндайда не істеу керек? Тәртіпті қолдап, жиыстыруды едәуір жеделдетуге көмектесетін аздаған айланы қолдану артық болмас!

5 минут ережесі

Тәртіпті қолдау жиыстырудан гөрі әлдеқайда оңай екені белгілі. Сондықтан қашанда артық 5 минут уақытыңызды тиімді пайдаланып, затты орнына қойып, қоқысты тастап, немесе шыны-аяғыңызды бірден жуып үйреніңіз. Бұл сіздің әдетіңізге айналуына әрекет жасап көріңіз, осыдан соң жақында сізге үйді жиыстыру керектігі байқалмайтын да болады.

Жауапты көмекшілер

Мұның бәрін сіз жалғыз істейсіз деп кім айтты? Үй ішін реттестіру жұмыстарын отбасы мүшелерінің бәріне бірдей міндетті түрде бөліп беріңіз. Қажет болса, кесте жасаңыз немесе кезекші белгілеңіз. Жақсы кезекшілік атқарғандарды ынталандыру үшін сыйлық тапсырыңыз. Сонымен бірге «жансыз» көмекшілеріңізді де естен шығармаңыз: күшті шаңсорғыш пен ыдыс жуғыш машина уақытыңызды айтарлықтай үнемдейді.

Артық заттардан құтылыңыз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Әр түрлі журналдардың бумаларын қанша жерден реттестіріп жинап, кәдесыйлар мен ұсақ-түйек заттарды орнына қойғаныңызбен, олар бәрібір ыбырсыған көріністі тудырмай қоймайды. Ұмытпаңыз: бөлмеде санаулы зат болған сайын, онда ұқыптылық байқалады. Сондықтан, өз үйіңізге жаңа оймен қарап, керексіз заттардың барлығынан арылғаныңыз жөн. Біреуін тастап, енді бірін сыйлаңыз немесе саяжайға апарыңыз. Және, әрине, қоқысты бірден лақтырып жүріңіз. Иісмай таусылды ма? Құтысын көрінген жерге қоймаңыз, оны бірден қоқыс шелегіне тастағаныңыз дұрыс.

Пәтерді аймақтарға бөліңіз

Бәрін бірақ тындырып, үйді түгел бірден жиыстырып шығуға ұмтылмаңыз. Аптаның қай күні еден жуатыныңызды, қай күні ванна бөлмесін, қай күні асүйді, басқа қалған бөлмелерді қашан тазалайтыныңызды белгілеген кесте құруды байқап көріңіз.  

Пайдалыны жағымдымен үйлестіріңіз

Жиыстыруды ойнақылықпен үндестіруге ұмтылыңыз. Мысалы үшін, фильм тамашалаған кезде киім үтіктеп, қызықты аудиокітапты тыңдай жүріп, ыдыс жууға болады. Сол кезде барлық тірлікке үлгеріп жүргеніңізді өзіңіз де байқамай қаласыз.

Ал сіздің үйге жылдам тазалық пен жинақылық орнатуға болатын құпияларыңыз бар ма?

8march_flowers
Құттықтаймыз, Сіз төртінші гүлді таптыңыз!

Бес гүлден гүл шоғын жинаңыз да, тест сұрақтарына жауап беріңіз және жүлде алыңыз!

Келесі гүлді 2017 көктеміне арналған негізгі гардеробты жаңарту туралы мақаладан табыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.