Кішкентай ванна бөлмесіне сантехниканы ұқыпты таңдау

Ванна бөлмесінің эргономикасы

Жаңа унитазды сатып алғанда бағасы мен дизайнынан безе отырып қана қоймай, адам ағзасының физикалық және психикалық ерекшеліктерінен шыға отырып таңдау қажет екенін ойлап көрдіңіз бе? Болмаса, онда осыны ойластырып көріңіз.


Санитарлық торапқа әдетте пәтер мен үйлерімізде аудан бойынша ең кішкентай жер беріледі, сондықтан оны жоспарлаған кезде заттар өлшемдері және арасындағы қашықтықты миллиметрге дейін дәлдікте есептеу маңызды, олай болмаған жағдайда пайдалану барысы күнделікті жайсыздықпен байланысты болады.

75 сантиметрді санитарлық тораптың барлық заттары бір-бірінен және қабырғадан алшақ тұратындай ең мінсіз қашықтық деп есептеуге болады. Бидені санамағанда. Оны ол унитаздан 35-45 см орнатылғанда қолданған ыңғайлы. Орта бойлы адамға шұңғылшаның жайлы биіктігі 80 см тең. Отбасында кішкентай балалар болса, оларға кранға дейін өздігінен қол жеткізуге ыңғайлы болатындай қол жуғыш алдына кішкентай отыратын орындықты немесе баспалдақты қойыңыз. Айна мен кішкентай шкафты еденнен 135 см биіктікте іледі, бұл жағдайда сізге айнаға қарау ыңғайлы болу үшін айнаның биіктігі кем дегенде 45 см болуы тиіс. Шұңғылша астына өте шығыңқы кішкентай шкафтарды және сөрелерді ілмеген дұрыс, олар жуынуға кедергі болады.

 

Ванна бөлмесін жабдықтаудың маңызды тармағы жарық көзі болып табылады. Айнаны төбедегі негізгі жарықтан өзге қосымша жарықпен жабдықтаңыз. Одан басқа, ваннаның өзі сақтауға арналған шағын аймақпен де жабдықталуы тиіс. Егер оған орын мүлдем жоқ болса, ваннаны көтеріңіз, сонда легендерді, тұрмыстық химияны және басқа да заттарды астында сақтай аласыз. Ваннаның жоғарғы шеті еденнен 60 см аспауы тиіс, әйтпесе жиектен аттау айтарлықтай қиынға соқтырады.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Кеңістікті үнемдеу үшін ваннадан бас тартып, душ кабинасын орната аласыз. Оны таңдағанда биіктігімен өтетіндігіне көз жеткізіңіз. Орынды үнемдеудің тағы бір кең таралған әдісі – кір жуғыш машинасын шұңғылша астына орналастыру.

 

Бөлек санитарлық торап жағдайында унитаздан қабырғаға дейінгі қашықтық ең құрығанда 35 см болуы, ал оның алдында кем дегенде 50 см кеңістік қалуы тиіс. Егер бөлме тереңдігі өте кішкентай болса, унитазды қиғашынан орнатыңыз, сонда тізе есікке тіреліп қалмайды. Дәретхана қағазының ұстағышын еден деңгейінен 60-70 см және унитаздың алдыңғы шетінен шамамен 30 см қашықтықта ілу қажет.

 

Ванна бөлмесін жоспарлауға тұрғын жайларына бөлінетін назардан кем емес назар салу керектігімен келісесіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.