Ыдысты ыдыс жуатын машинада жуамыз

Ыдысты ыдыс жуатын машинада жуамыз

Ыдыс жууға уақытты кетірмесе де болады, өйткені бұл жұмысты ыдыс жуатын машина оңай істеп бере алады емес пе? Осы аспаптың оң жақтары оның құнынан асып түседі!


Ыдыс жуатын машина бізге неменеге керек?

Ыдысты қолмен жуу әйел қауымының көп бөлігін аса қуанта қоймайды. Ыдыс жуудан қол терісі көп зардап шегеді, маникюр да тез бұзылады, бұл әйелдердің әдемілігін құрта түседі. Бір күні ыдыс жуатын машинаны орната отырып, сіз мәңгіге ыдыс жуу дегенді ұмытатын боласыз.

Тәрелкелерді, табақтарды, шынаяқтарды, кастрөлдерді, табаларды, ас үй керек-жарақтары мен ыдыстың өзге де элементтерін үстел үстінен тікесінен тура ыдыс жуатын машинаға жіберуге болады. Сізге арнайы бөлікке жуатын құралы бар таблетканы салып, баламен ойын ойнауға, күйеуіңізбен киноға баруға немесе әлдебір жанға жайлы іспен айналысуға болады.

 

Ыдыс жуғыштың өлшеміне мән беру керек

Ыдыс жуатын машинаны ас үйіңіздің өлшемдерін ескере отырып, кір жуатын машина ретінде де алуға болады. Жіңішке 45 сантиметрлік түрлер өлшемі кішкентай ас үй бөлмесінің интерьеріне де келеді. Әдеттегі күнделікті ыдыс көлемін стандартты 60 сантиметрлік ыдыс жуатын машина да жуа алады.

 

Қосымша опциялар

Ыдыс жуатын машинаның бағасы қымбат болған сайын, оның соғұрлым қосымша опциялары да көп болады. Ыдыс жууға арналған арнайы таблетканы қолданасыз ба, әлде оған бөлек жуатын құралды, суды жұмсартатын тұзды және шайғышты саласыз ба, өзіңіз таңдау жасаңыз. Одан басқа, көптеген ыдыс жуатын машиналар ыдысты толық толтырмай жуатын функциямен жабдықталған, бұл бір-екі стақанды немесе екі тәрелкені оп-оңай жуып беруге мүмкіндік береді. Заманауи техника түбі күйіп қалған табалардағы күрделі лас заттармен де, хрустальді әйнекті, пластикті және күйіп қалуға қарсы жабындыларды ұқыптап жуумен де оңай ісін атқарады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Барлық ыдыс жуатын машиналар ыдысты жуып қана қоймай, сондай-ақ кептіріп береді.

 

Ақылды үнемдеу

Кейбір модельдерді суық су желісіне де, бірден ыстық суға да қосуға болады, бұл электр қуатын елеулі түрде үнемдейді. Оған қоса, сіз кідіртіп іске қосу функциясы бар ыдыс жуғыш машинаны таңдап, жуу үрдісін сізге ыңғайлы уақытқа баптай аласыз. Ол мүлдем дерлік шусыз, бұл жайт сіз жууды түнге қалдырған жағдайда өте маңызды болып табылады.

Бұл тұрмыстық аспаптың құны шамамен 8 мың рубльден басталады.

 

Сізде ыдыс жуатын машина бар ма? Оған ризасыз ба?

 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс