Жатын бөлмені қалай жайлы етуге болады

DesktopImage
Lenor хош иісінің қайсысы сізге лайық? Таң атқан сайын демалған, сергек және жасарған болып ояну үшін ұйықтайтын бөлмеміз барынша ыңғайлы, тыныш әрі жайлы болуы қажет.

Жатын бөлме — үйіміздегі ең маңызды орын болар. Себебі, дәл сол бөлмеде жаңа жетістіктерге жету үшін біз күш пен энергия жинаймыз. Таң атқан сайын демалған, сергек және жасарған болып ояну үшін ұйықтайтын бөлмеміз ыңғайлы, тыныш әрі жайлы болуы қажет. Әрине, ол көбінесе талғам мен жеке таңдауға байланысты, алайда барлығына дерлік жарамды бірнеше әмбебап кеңес бар.

Төсек-орын жабдығы

Біз көп уақытымызды төсекте өткіземіз, сондықтан төсек-орын жабдығына жеңіл-желпі қарауға болмайды. Оның табиғи және ұстауға жағымды биязы материалдан болғаны, және, әрине, түсі де әдемі болғаны өте маңызды. Төсек-орын жабдығын 1-2 апта сайын ауыстырып тұруды және ғажайып тазалық пен апта бойы нәзік хош иісін сақтау үшін оны Lenor кондиционерімен жууды ұмытпаңыз.

Жайлы жағдай — жайлы жатын бөлме

Жатын бөлмені жаңартып тұру үшін бірнеше ай сайын бөлмедегі заттардың орнын ауыстырып тұруға тырысыңыз. Ал егер Сіз бұл бөлмеде тек ұйықтап қана қоймай, қандай да бір маңызды істермен айналысатын болсаңыз, ұйықтаған кезде сізді ештеңе мазаламас үшін аймақтарды шектеп қойыңыз.

Жарық

Жатын бөлмедегі дұрыс таңдалған жарық — жайлылық жасаудағы ең маңызды нәрсенің бірі. Төсек жанына қоятын кішігірім түнгі шамдарды таңдай отырып, тым жарқыраған жарықты пайдаланбауға тырысыңыз. Ал ерекше оқиғалар мен көңіл-күй жасау үшін бірнеше майшамды сақтап қойыңыз.

Минимализм мен қарапайымдылық

Жайлы жатын бөлме қажет емес заттардың қоймасы бола алмайды немесе ұсақ-түйек әшекейлер мен жұмсақ ойыншықтарға толы кәдесыйлық дүкенді еске салмауы қажет. Сіз ұйықтайтын бөлме барынша бос болуы қажет. Қосымша жастықтар мен көрпелерді комодта немесе төсектің астындағы жәшікте сақтаңыз, киімді орындыққа емес, шкафқа жинаңыз. Шаңжинағыштардан құтылыңыз,  тұрақты түрде жинап, жуып, бөлмені желдетіп тұрыңыз.

Жақсы түс көріңіз!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent