Косметика дақтары

kosmetica-daktari
Косметика дақтары Сіздің киіміңіздің өңін бұзады. Уайымдамаңыз, Ariel оларды еш қиындықсыз кетіреді.

Антиперспирант/дезодорант

Заттарды кез келген Ariel жууға арналған құралымен жылы суға малшып қойыңыз. Одан кейін заттаңбадағы күтім жасау жөніндегі нұсқауға сәйкес әдеттегідей жуыңыз.

Косметика – далап, тушь, күннен қорғайтын крем

Заттарды кез келген Ariel кір жуғыш құралымен 1-2 сағатқа малшып қойыңыз. Одан кейін заттаңбада рұқсат етілген ең жоғары температурада әдеттегідей жуыңыз.

Тырнаққа арналған лак

Киімнен дақты кетіру үшін лакты кетіруге арналған сұйықтықты немесе ацетонды пайдаланыңыз (синтетикадан жасалған заттарға болмайды). Одан кейін кір жуу символдары бар заттаңбадағы нұсқауларды орындай отырып, Ariel құралымен жуыңыз.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз